Ерин Сергей Анатольевич

ESV AGRO басшысы, «Қазақстанның фермерлер одағы» төрағасының орынбасары
216

Карьерасы

2008 ж. – Ақмола облысы  ESV AGRO фермерлік шаруашылығының басшысы.

«Қазақстанның фермерлер одағы» төрағасының орынбасары. 

Цитаталары

«КазАгро» менеджментінен банкирлер психологиясының қалыптасқанын байқауға болады. Олар фермерлерді несиелендіру арқылы табыс тауып, барынша мол кірісті иемденгісі келеді. Алайда, мемлекеттің холдинг құрудағы мақсаты тіпті басқаша болатын. Атап айтқанда, саланы дамытуға серпін беру үшін қолжетімді несие ресустарымен қамту. Дәл осы үшін холдингке мемлекет тарапынан тегін қаражат бөлініп отыр. Неліктен соңғы қарыз алушы несие беру кезінде ешқандай жеңілдіктерді көрмейді?» (2020 ж. сәуір)

«Айтуға ұяласын! (АНК көктемгі егіс жұмыстарына бөлген 70 млрд теңге туралы). Мұндай жағдайда қандай даму, қандай техникалық қайта жарақтандыру, қандай паркті жаңарту, қандай еңбек өнімділігін арттыру туралы ойларсын?» (2020 ж. сәуір)

«Иә, ауыл шаруашылығындағы жер фермерлердің иелігіне әртүрлі, көбінесе ұзақ мерзімді жалға беру шарттарында берілген. Бірақ кез-келген жағдайда, жалға беру құқығының бір гектарға 100-150 доллар аралығында қалыптасқан бағасы бар. Бірақ қазір кепіл ретінде беру бағасы 10 есе арзан болып қабылданды. Сондықтан мұның шығу жолы қарапайым – нақты нарықтық жағдайды ескеріп, бағалау ережелерін өзгерту. 1000 гектар жеріңіз болса – орташа бағасы 50 миллион теңге шегінде. Осындай алқапта көктемгі дала жұмыстарын жүргізу үшін шамамен 25 миллион теңге қажет. Кепілге қойылған жер үшін шұғыл, бюрократиясыз тиісті сома берілсін. Есесіне несие сомасы екі есе жабылатын болады. Осымен бітті, басқа проблема жоқ – несиелеу қайта жанданады, осындай шарттар үшін салаға коммерциялық банктер де келе бастары аныық.» (2020 ж. сәуір)

«Аграрлық несие корпорациясы несие алу анықтамаларын 24-тен 17-ге азайтқаны туралы есеп берді. Несие желісі ашық, қайтара қарыз алушылардың өзі үшін сонда да 9 қағаз қажет екен. Бұл жарамайды. Өтінгендер қағазбастылықтан өтіп, қаржыға қол жеткізу үшін апталап, айлап жүреді. Құжаттар пакеті ықтимал қарыз алушыға небір наразылықтармен қайта-қайта қайтарылады. Мәселен, өнімділік туралы анықтама сұрайды. Мемлекеттік қызмет тізбесінде мұндай құжат жоқ. Нәтижесінде аграршылар аудандық ауыл шаруашылық басқармасынан немесе ауыл әкімінен осындай қағаз жасап беруді сұрайды. Құжаттар пакетіне бос, пайдасыз қағазды қосылады. Неліктен? Түсініксіз. Ал комбайн сатып алатын болсақ бизнес-жоспар сұрайды. Бұл таза формальдылық, трактор алқаптағы жұмыс үшін қажет. Артық және ақша төлеп алатын макулатураның керегі қанша? Мұндай мысалдар жеткілікті. » (2020 ж. сәуір)

«Әліппе «Ә» әрпінен басталғандай, саланы несиелеу реформасы идеологияның өзгеруінен басталуы тиіс.» (2020 ж. сәуір)

«Ауыл шаруашылығы үшін нақты қажеттілікті (отынды) есептеп алу керек, өйткені арзандатылған деген 370 мың тоннаның өзі – нақты қажеттіліктен 2-3 есе аз. Себебі мал, көкөніс өсірушілер және жем өндірушілерге арналған көлемдер ескерілмей отыр. Одан өзге, алқапта егу мен жинап алудан басқа, жанармай қажет болатын жер жырту, қар тоқтату, химиялық өңдеу, булау және басқа да технологиялық жұмыстар орындалуы керек.

Бізден тиімділік, жоғары өнімділік талап етіледі. Президент жолдауында, агроөнеркәсіп кешені экономиканың жаңа драйверіне айналдыру керек, деген еді. Егер фермер барлық қажетті технологияны сақтай алмаса, «драйверлікке» қалай қол жеткізуге болады?  Әр операцияның орны бөлек, біреуін алып тастау – бұл гектардан 2-3 центнер жоғалту. Барлық кінә нарыққа жабылады, бұл жоғарғы басшылардың негізгі саланың өзекті мәселесін шешуге қабілетсіздігі немесе құлықсыздығы. Ел халқының жартысынан астамының түйткілдерінен алшақтау, өйткені бүкіл ауылдың өмірі ауыл шаруашылығындағы жағдайға байланысты.» (2018 ж. тамыз)

«Солярка бағасына келетін болсақ, бір рет еріктік шешім қабылдап, бағаның жыл сайынғы өсуінен тұратын, бірақ инфляция деңгейінен аспайтын нақты бағаны белгілеу қажет. Мұны қалай жасауға болады, не акциздер арқылы, не салық саясаты арқылы. Барлығы үкіметке байланысты. Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 500 қаулысы бар, оған егістік және егін жинау кезеңінде мемлекетке дизель отынының бағасын реттеуге мүмкіндік беретін түзетулер енгізу қажет.» (2018 ж. тамыз)

«Азық-түлік келісім шарт корпорациясы мемлекет меншігінде болғанын қалаймыз. Ия, бұрын азық-түлік корпорациясының фермерлермен келіспеушіліктері болған. Ол бұрын диктатор болған, бірақ қазір ол серіктес.» (2015 ж. қазан)

«Әкімдіктер шаруаларға шарт қоймауы керек. Олар тек субсидиялар беру бойынша оператор болуы керек, бірақ бұл үшін жоспарланған соманы дәл бөлу керек. Ақша жетіспеген кезде әкімдер билік ете бастайды.» (2015 ж. ақпан)

Деректер немесе компания бөліміндегі ақпаратты жаңарту үшін жаңартылған деректерді электронды пошта арқылы жіберіңіз info@eldala.kz

Ашық көздерден дайындалған
Жаңартылды 27 сентября 2021