Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Америкалық компаниялар Қазақстандық аграршылармен ынтымақтастықта жұмыс істеуге ниет білдіруде — Мозер
Америкалық бизнесмендер Қазақстан жобаларына қызығушылық танытатындығы туралы АҚШ-тың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Уильям Мозер айтты, деп жазды Капитал.
Америкалық компаниялар Қазақстан Республикасының аграрлық саласында, атап айтқанда мал шаруашылығы секторына қызығушылық білдіруде. Уильям Мозердің айтуынша, аталған бағыт республиканың негзгі бәсекелестікке түсе алатын саласы болып табылады. Егер мемлекет аграрлық салаға жағдай жасап, қолдау көрсететін болса, Қазақстан нарығына көптеген америкалық компаниялар келетін болады.
«Біз қазақстандық серіктестермен көптеген салалар бойынша ынтымақтастықта жұмыс істеп жатырмыз. Атап айтсақ, студенттерге жақсы білім алуға, адамдардың қауіпсіздігі мен денсаулығын қамтамасыз етуге, кәсіпкерлікті, инновациялар мен шығармашылықты қолдауға, өңірлік сауданы дамытуға ықпал ететін және экономикалық өсуді қолдайтын көптеген жақсы жобалар бойынша серіктес болып істеудеміз. Қазақстанның бәсекелесе алатын секторларының бірі туралы мәселеге келер болсақ, менің ойымша, ауыл шаруашылығының әлеуеті, болашағы өте зор. Америкалық компаниялар осы салаға қызығушылық танытуда», -деді Уильям Мозер.
Уильям Мозердің айтуы бойынша, Қазақстанның агробизнесі келешекте дамитын саланың бірі, америкалық компаниялар республикада мал шаруашылығы, суғару және астық шаруашылығы саласында жобаларды жүзеге асыруда. Америкалық тракторлар, комбайндар және басқа да ауыл шаруашылық құралдарын қолданудың арқасында Қазақстанда азық-түлік өнімдері арзан, ал қазақстандық экспорт бәсекеге қабілетті болуда. Келешекте бұл салаға жағдай жасалса, стимул болса, ҚР нарығына америкалық кәсіпорындар көп келетін болады.
Мысалы Небраскиден шығарылатын Valmont атты америкалық компания суару технологиясын жеткізуші болып табылады. Канзастың Weatherly Aircraft Company ауыл шаруашылық ұшақтарын жасаумен айналысады. Алдағы уақытта осы компания Қазақстан нарығына келуді жоспарлап отыр.
«Біздің екі ел арасында ауыл шаруашылығы саласында бұрыннан байланыс бар, атап айтсақ мал шаруашылығында екі жақты ынтымақтастық нәтижесінде біршама іс-шаралар жасалды. Мысалы, биылғы жылы Солтүстік Дакотаның қатал қысына қарсы тұра алатын ангус және герефорд ірі қара малының ондаған басы Қазақстан жеріне әкелінгеніне 10 жыл толады. Содан бері қазақстандық кәсіпкерлер мен фермерлер сол мал тұқымын негізге ала отырып, заманауи ет өнеркәсібін құрды", — деді елші.