Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Экспорттық өнімдерге квота беру нарықтағы шағын астық өндірушілерге кедергі болуда — Қанат Көбесов
Бидай экспортына берілетін квота туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2 сәуірде қабылдаған шешімі, астық сақтау қоймалары иелерінің құқығына шектеу келтіреді, деп есептейді NurlyZholTrade ЖШС-ның бас директоры Қанат Кобесов.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстаннан ұн мен бидайды шығаруға шектеу қою ішкі нарықты азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында қабылданған еді. 2020 жылдың сәуір айына бидай экспортына 200 мың. т берілді. Алайда, квоталар алу шарттары ірі трейдерлердің мүдделерін жақтап отыр, ал іс жүзінде ұсақ және орта компаниялар өз өнімдерін сыртқа шығару мүмкіндігінен айырылып отыр. Басты мәселе бидайды электрондық астық қолхаттарымен растау болып тұр. Бұл құжатты тек элеваторлар ғана бере алады.
Біздің шаруашылық сияқты шағын кәсіпорындар жеткілікті. Біз көп жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Астық сақтайтын оны жөнелтетін инфрақұрылымдарымыз да бар,- деді Қанат Көбесов.
-Бізде жұмысқа қажетті кептіргіштер, қоймалар, тіпті вагондар да бар. Бірақ ереже бойынша астықты тапсыру кезінде электрондық астық қолхатын элеваторлар ғана береді. Біз сол қағаз үшін астықты сонда апарып, қыруар ақша төлеуіміз керек пе? Бұл дұрыс емес шарт қой.
Қанат Көбесовтың айтуы бойынша, аталған ереже талаптарына тек 10-топқа кіретін элеваторлары бар, ірі экспорттаушы компаниялар ғана сай келеді. Ал қалған шаруашылықтар экспорттан айрылады. Ал бұл-нарықтағы бәсекелестік шарттарының бұзылуы болып табылады. Аталған жағдай мүмкін емес. Трейдерлер Ауыл шаруашылығы министрлігі не себепті мұндай қолхатты енгізгендігін түсінбеуде. Себебі осындай құжаттар бұрын да болып («жай» керексіз қағаздар ешқандай шындыққа жанаспайды) кедергілер келтірген еді.
Экспортқа қолхатсыз құжаттар ұсыну тәртібі уәкілетті органдар тарапынан мұқият тексеру мен бақылаудан өтеді, - деп айтты Қанат Көбесов.
-Бізде ШҚ- пен келісім шарт бар және астық өсіргендігімізді аудан әкімдері растай алады. «ҚазАгроЭкс» астық дайын болғанда ғана талдау жүргізеді; «ФитоИнспекция» астықты вагонға тиеу кезінде бейне таспаға түсіреді, содан кейін ғана сертификат береді.
Осы мәселеге байланысты астық рейдерлері ҚР ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаровқа хат жазды. Аталған құжатқа 15 компания қол қойды. Хатта олар нарықтағы барлық шаруашылықтарға бірдей мүмкіндік беруді сұраған. Аталған қолхаттың орнына «Зерновой Союз» беретін (квоталар тізімін қалыптастырумен айналысатын) ШҚ-пен шарт пен бидайды есепке алу бойынша қойма анықтамаларын беруге рұқсат бере отырып, нарық қатысушыларына тең құқықты қамтамасыз етуді сұрайды
Тақырыпты оқу: Қазақстандық еңбеккерлер егіс алқаптарын 30 % -ға дейін кеңейтуге дайын
Мұндай жағдайда трейдерлер статистикаға назар аударып, астық экспортына шектеу салудың қажет жоқ дейді. Елдегі мәліметтер бойынша, 2020 жылдың 1 наурызында Қазақстанда 9,2 млн тонна астық бар екендігі мәлім. Оның 6,4 млн тоннасы азық түлік үшін сақталып тұр. Қазіргі уақытта бидай мен ұнның қоры жеткілікті мөлшерде. Қазақстан осы қорды тұтыну үшін айына 110-120 тонна астықты қайта өңдеуі қажет. Қоймаларда 2-4 айлық ұн қоры бар. Ал маусым-шілде айларында фермерлер күздік бидайды жинауға кіріседі.
Елдегі жағдай жақсы болған кездің өзінде де біз 1 млн тоннадан астам астық тасымалдай алмадық,-деп еске алды Қанат Көбесов. – Жалпы бір айда астықты тасымалдаудың мөлшері орташа 600 мың т. Ал 6 млн. тоннадан астам бидайды біз 11 айда пайдаланамыз. Олай болса квотаны не себепті енгіземіз? Қайта мұндай жағдайда елімізге қандай пайда әкелеміз деп ойлауымыз керек, мемлекеттке қалай табыс түсіреміз сол туралы ойластыруымыз қажет.Мұнай бағасының төмендеген кезінде бұл экономиканың тұрақты болуы үшін өте маңызды.
Сергей Буянов