Фермерлер КТО желісін мемлекет қарамағына беруді ұсынуда

Өнімдерді көтерме бағамен таратып сату орталықтарына делдалдарды қатыстырмас үшін Қазақстан фермерлер одағы КТО-ны жергілікті әкімдіктердің меншігіне беруді ұсынуда. ҚФО-ның басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев қауымдастық мүшелерінің бірге жазған ұсыныстарын төрт мекемеге жолдады, олар:ҚР вице-премьері Роман Склярға, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне, Сауда және интеграция министрлігіне, сондай-ақ «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына жіберді.

Естеріңізге сала кетейік, 28 сәуір күні Үкімет отырысында сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстанда КТО желісін салу туралы жоспарын айтқан еді. Оның айтуынша, биылғы жылдың күз мезгіліне қарай  бес нысан салынуы тиіс, бұл 600 мың тонна өнім алуға мүмкіндік береді.

Екінші және үшінші насандар салынған соң, 2022 жылы КТО-ның саны 24-ке жетуі тиіс, бұл 4,8 млн тонна өнім қабылдауға мүмкіндік береді. Жобаның жалпы құны 37,5 млрд теңгені құрайды. Аталған нысандар мемлекеттік-жеке меншік бойынша салынатын болады.

Тақырыпты оқу: Жазда Қарағандыда ірі көтерме сату бойынша өнімді тарату орталығы ашылады

Биылғы жылы Қарағандыда жазда ірі көтерме-тарату орталығы ашылады Алайда, бұл жоспар бірден қатаң сынға ұшырады. Атап айтқанда, ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының басшысы Толеутай Рахимбеков тың  пікірінше аталған орталыққа отандық өнім емес, импорттық көкөністер мен жемістер толтырылатын  қойма мен сауда орталықтарын құруға 240 млрд.теңгеге жуық шығын жұмсаудың қажеті жоқ дейді. Себебі Толеутай Рахимбеков КТО-ға тауарды жеткізу үшін қажетті инфрақұрылым мен дұрыс логистикалық тізбектің жоқтығын атап өтті.Аталған мәселені шешу үшін  Қазақстан Фер мерлер Одағының мүшелері ұсыныстарын жазды.

«Қазіргі уақытта біздің көптеген фермерлер халыққа сапалы және қолжетімді бағамен тауар өндіруді үйренді. Алайда, фермердің ең басты мәселесі-өндірілген өнімді делдалсыз өткізу, сонымен қатар өнімдерін дұрыс сақтау және заманауи тоңазытқыштары бар қоймалардың болмауы», — деп атап өтті ҚФО.  

Осылайша, өндірген тауарды өткізу жүйесін құру идеясын фермерлер одағы бастапқыда қолдаған еді, алайда Бахыт Сұлтановтың айтқан идеясына бірқатар елеулі өзгерістер ұсынылуда. Ең бастысы, ҚФО мүшелерінің пікірінше, КТО-ны жергілікті әкімдіктің меншігіне беру керек және оны ешкім сатуға немесе басқаруға құқығы болмауы тиіс.

Осылайша ғана  фермерлердің  өнімдерін үстінен ақша қосуға,  делдалдық «жасауға» тосқауыл қоюға болады, деп есептейді ҚФО. Жинаған егіндерін КТО-ға жеткізумен өндірушілердің өздері құрған Ауыл шаруашылығы кооперативтері айналысуы тиіс.

Тақырыпты оқу: Фермерлерді КТО-ға қатысу үшін мәжбүрлемейтін болады

Фермерлер одағы КТО-ны салу құрылысының әрбір жобасын әзірлеу мен іске асыруды бақылау үшін жұмыс топтарының құрамына халық  өкілдерін енгізуді ұсынады.

«Сонымен қатар, аталған жұмыс тобы КТО үшін  жаңадан нысан салудың қажеті жоқ дейді. Оның орнына базар жанында салынған бұрынғы орындарды жаңарту қажет едейді. Осылайша, аталған жобаны бірнеше есе арзандатуға болады», — деп есептейді ҚФО.   

Сондай-ақ, фермерлер жаңа технологияларды енгізу арқылы Қазақстанда көкөніс пен жеміс өндіру көлемін арттыруға қажетті ұзақ мерзімді бағдарлама дайындау  қажет деп санайды.

«Осындай шаралардың арқасында сатып алушыларға отандық өнімді делдалсыз төмен бағамен сатып алуға мүмкіндік береді, ал фермерлер дайын өнімді жақсы бағаға өткізу үшін «уайымдамайтын болады». Фермерлер осылайша өз шаруашылықтарын дамытып, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен айналысатын болады», — деп түйіндеді ҚФО. 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.