Сауда министрлігі: өнімдерді сату жүйесі іске қосылғаннан кейін фермерлердің табысы артады

ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов тауарларды сатудың ұлттық жүйесін (СҰЖ) құру жоспарлары туралы егжей-тегжейлі айтты.

«Мемлекеттік-жеке меншік  тәсіл арқылы үш форматтағы көтерме және бөлшек сауда орталықтарының (БСО) желісін құру (қойма, сауда, тарату) жүзеге асырылады. Бұл жұмысты қысқа мерзімде жеке бизнес есебінен орындауға мүмкіндік бар. СҰЖ құру арқылы  фермерлердің табысы артатын болады. Бұған дейін өнімдер дұрыс сақталмайтын және ауыстырып тиеуден көп бүлініп, шығын кететін, ал  БСО салынғаннан кейін, олардың пайдасы артады деп күтілуде. Фермердің пайдасы қаншалықты көп болса, соғұрлым ол жаңа өндіріс технологияларына инвестиция сала алады және оның өндірісінің тиімділігі (өнімділігі) соғұрлым жоғары болады», - деп жазды Сұлтанов Facebook-те.

Оның айтуынша, тауарды сатудың жаңа жүйесі құрылған кезде, сауда тізбегіндегі әр сатушының жұмысы және қосатын бағасы анық және болжалды болады.

Аталған жағдай туралы талқылай отырып, министр сауда логистикасы мен қазіргі заманғы сауда форматтарындағы проблемаларды атап өтті: мамандандырылған қоймалардың жетіспеушілігі, стационарлық емес жабайы базарлардың көптігі, өндірушілер үшін сату-тарату желілеріне қол жетімділіктің  жоқтығы, аталған жүйенің нашар ұйымдастырылу жағдайы (тіпті жақын көршілермен салыстырғанда) айтылды.

«БСО елдегі азық-түлік тауарларын сатудың барлық жүйесін ретке келтіреді: ауылшаруашылық өнімділігі артады мен жақсы сатылуы арқылы бәсекелестік өседі, баға тұтастай теңестіріледі (шығындардың төмендеуіне байланысты сатып алушы үшін түпкілікті баға тіпті төмендейді). Болашақта бұл өнімдерге деген бағаның айтарлықтай өзгеруіне жол берілмейді», - деді  министрлік басшысы.

 Сонымен бірге, Сұлтановтың пікірінше, қазіргі заманғы сауда форматтарын, соның ішінде биржалық және электрондық сауданы енгізу сауданы «көлеңкеден» шығаруға көмектеседі. Бұл бюджетке түсетін салық түсімдерін көбейтеді. Статистикаға сәйкес, соңғы үш жыл ішінде көтерме және бөлшек сауда көлеңкелі экономиканың ІЖӨ-дегі ең үлкен үлесін иемденді, оның көлемі 2018 жылы 5,2 трлн. теңгеге жетті. Барлық сауданың жалпы қосылған құнының 51%-ы көлеңкелі бизнес саласында жатыр.

Сонымен қатар, жасалатын бірыңғай ақпараттық жүйе сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігін көруге мүмкіндік береді, импорт алмастыруды дамытуға жақсы көмек болады, деді министр.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда 2022 жылға қарай 24 көтерме сауда орталығын салуды жоспарлап отыр. Аталған жоба өнімдерді өндірушіден дүкен сөресіне дейін тікелей  жеткізуді қамтамасыз ететін  желінің бір бөлігі болады. Сондай-ақ, КСО-да жемістер мен көкөністерді ұзақ мерзімде сақтауға болады. ЕАЭО, Орталық Азия және Қытайда экспорттық-импорттық  операцияларды жүргізу үшін жағдай жасалады, бұл сату нарықтарын кеңейтеді.

Көтерме сату орталықтарының желісі дистрибуция жүйесінің негізгі қатысушылары арасындағы байланыстырушы буын болады және өндірушілерді, бөлшек сатушылар мен жеткізушілерді бір кластерге біріктіреді деп болжанады.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.