Агротехмаш представил горизонтальную зерносушилку на AgriTek/FarmTek Astana 2020

AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV Халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылық көрмесінде Қазақстандық тұтынушыларға «АгроТехМаш» ( Воронеж қ., РФ)  зауытының көлденең жасалған конвейерлік астық кептіргіш құрылғысының прототипі  ұсынылды.

Кәсіпорынның коммерциялық директоры Владимир Власюк бұл керемет жасалған бірегей құрылғының ерекшелігі туралы айтты. Оның ойынша, аталған  астық кептіргіш бұрынғы конвейрлерден көлденең жасалғандығымен ерекшеленеді. Мұндай формада жасалған агрегатты қолдану өте қолайлы, деді.

«Біз Қазақстан нарығына өз құрылғыларымызды бұрыннан бері ұсынып келеміз. Зауыт өнімдерін фермерлер және  агрохолдингтер пайдаланып жүр. Егін маусымы әлі басталмаса да, біз ертерек шарт жасасу үшін келдік. Сондай ― ақ біздің өнімдерімізге қызығушылық танытқан  шаруашылықтарға баруды жоспарлап отырмыз, ал жазда жабдықтарымызды монтаждауға кірісеміз», - деді Владимир Власюк.

Сонымен қатар, ол қазақстандық аграрлық сала мамандары  міндетті түрде бағасы қол жетімді жаңа агрегаттың артықшылықтарын бағалайды, деп өз ойын жеткізді.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.