20 января 2021 Элеваторлар

«Астық Транс» және ұн өндірушілер келісімге келді

Шымкент және Түркістан облысының диірмен тартушы компаниялары астық тасымалдаушы «Астық Транс» операторымен солтүстік өңір бидайын өңдеуге жіберу туралы мәселені шешті.

ElDala.kz порталы бұған дейін хабарлағандай елдің оңтүстігіндегі ұн тартатын 15 компания ең ірі астық тасымалдаушы оператор «Астық Транс» компаниясының тұтынушыларымен қосымша келісім жасасу туралы жоспарымен келіспейтіндіктерін білдірді. Оның себебі диірменшілер тиеу-түсіру кезінде вагондардың бос тұрған уақыты үшін айыппұл төлейтіндігі, астық тасымалдау мерзімін бір күннен үш күнге дейін көбейту болды. Алайда, бұл тарифтің өсуіне әкелді.

Кейбір өндірушілерг белгіленген уақыт жеткілікті екен және оларды вагондар бағасының өсуі қанағаттандырмайтындықтарын жеткізді. Сонымен қатар, диірмендер егер белгіленген мерзімде үлгермеген болса, бұл олардың кінәсі емес, станциядағы кешігу себебінен деп айтты.

«Астық Транс» компаниясының вице-президенті Жандос Қуанышевтің айтуынша, жұмыстың жаңа форматына наразы болған жүк жөнелтушілермен кездесу өткізіліп, тараптар келісімге келді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Астық Транс ҚХР бағытында астық тасымалдауға өтінім қабылдауды тоқтатты

 «Теміржол көлігі туралы» ҚР Заңының 89-бабы бар, - деп түсіндірді Жандос Қуанышев. - Онда жүк жөнелтуші мен жүк алушы ғана жеткізілім уақытына талап қоюға құқылы екендігі көрсетілген. Яғни, біз, вагондардың операторы, вагонның жеткізу уақытын бұзғаны үшін ҚТЖ-ға талап қоя алмаймыз. Вагонды жүк жөнелтушіге берген кезде оны бір күнде тиеу керек екен. Егер мерзім бұзылған болса, біз оған тек оның кінәсі болмаса да, талап қоя аламыз. Бұл туралы жүк жөнелтуші мен біздің арамызда жасалған келісімде де айтылған.

Шындығында, анықталғандай вагондар алты күнге дейін бос тұрады. Сондықтан желтоқсан айында біз кездесу өткізіп, жағдайды талқыладық. Кездесуге келген тараптар ойларын  білдіріп, тарифтің көтерілуіне келісетіндіктерін айтты, егер қазіргі кездегідей  тек бір күн болмай, оның орнына тиеу үшін үш күн және түсіру үшін үш күн берілетін болса келісетіндіктерін жеткізді.

Біз барлығына қосымша келісім жібердік, нарық қатысушыларының 60% -ы оған қол қойды. Қалған 40% -ке келетін болсақ, олар бұрынғы талаптар бойынша жұмыс жасайтын болады. Жарайды, біз оларды сол қалпында қалдырамыз, сонда олар бұрынғы тарифтермен жұмыс істейді.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстан ЕАО-ға Россельхознадзор тарапынан жасалып жатқан кедергілер туралы хабарлайтын болады

«Астық Транс» компаниясының пікірінше, кез-келген жағдайда астықты тасымалдау тарифін 11% -ға көтеру нанның өзіндік құнына айтарлықтай әсер ете алмайды. Әр нан үшін максималды өсім 15 тиын болады. Бір тонна ұн үшін ол 300 теңгені құрайды.

Былтырғы жылы тарифтердің өсуіне келетін болсақ, бұл вагон паркіне қызмет көрсету бағасының өсуімен байланысты болды, деп түсіндірді Жандос Қуанышев. Сонымен қатар, компания маусымаралық кезеңде, астықты тасымалдау іс жүзінде болмаған кезде (көктем-жаз) үлкен шығындарға ұшырайды.

Тақырыпқа байланысты оқу: РФ бидай экспортынан 50 евро баж салығы алынатын болады

Сондай-ақ, «Астық Транс» вице-президенті компанияның нарықтағы үстеме рөлі  бар деп туралы айту артық екенін жеткізді.

«Біз нарықта үстемдік етпейміз», - деді Жандос Қуанышев. – Мұндай пікір не себепті айтылатынын түсінбеймін? Біздің үлесіміз көп болғандықтан ба? Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының аумағында бөтен теміржол (орыс, өзбек және т.б.) вагондарының қозғалуына ешқандай да тыйым салынбайды. Бұл нарықта біздің үлесіміз көп болуы компаниямыздың қызметінің бағасы елдегі ең төменгі баға болып табылады. Мұны түсіну керек. Біздің Қазақстан ішіндегі тарифіміз экспортпен салыстырғанда 30% -ға төмен. Сондықтан басқа операторлар Қазақстандық вагондарды тасымалдағылары келмейді, олар үшін басқа бағыттарда жұмыс жасау тиімдірек. Мысалы: егер Көкшетаудан Сарыағаш станциясына дейін вагон 500 мың теңге тұратын болса (бұл теміржол тарифі + автокөлікпен қамтамасыз ету қосқанда), онда Көкшетаудан Өзбек станциясы Келеске дейін (ол небары 9 км ары қарай) тариф  695 мың теңгені құрайды. Біз қазақстандық тарифті экспорттық тарифтен 28% -ға мендетеміз. Қазақстандағы басқа операторлар мұндай тарифтері жоқ, оларға 9 шақырымды ғана қосып ары қарай жүрген пайдалы болып табылады.

Тақырыпқа байланысты оқу: ҚТЖ  7 млн тонна жаңа науқан астығын тиеді

«Астық Транс» вице-президентінің айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстанда астық тасымалдауға арналған 22 мыңнан астам вагон бар. Оның ішінде «Астык Транс -тың жеке паркі 3 300 астық тасымалдайтын вагондар болып табылады. Ресейден күзгі-қысқы маусым кезінде қосымша вагондар келеді.

Ресей туралы айтар болсақ, Жандос Қуанышев бір жылдан астам уақыттан бері  «Астық Транс» компаниясы «Русагротранспен» ешқандай байланысы жоқтығын жеткізді.

«Біз ресейлік компания емеспіз», - деп атап өтті Жандос Қуанышев. - 2019 жылға дейін біз шынымен «Русагротранс» құрамына кірдік. Бірақ 2019 жылдан бастап біз жеке инвестор құрамына кіреміз, ал қазіргі таңда біз 100% қазақстандық компаниямыз, Қазақстан Республикасының резидентіміз. Біз мұнда салық төлейміз, Нұр-Сұлтан қаласында біз салық төлеу бойынша көшбасшы мекеменің бірі болып табыламыз, жыл сайын шамамен 1,5 млрд. теңге төлейміз. Біздің есепшоттардағы ақшалар шетелге басқа жаққа кетпейді. Біз барлық ақшаны жинақтаймыз және вагондарды жаңартуға, жаңа көліктер сатып алуға жұмсаймыз. Екі жылдың ішінде біз 1 300 вагон сатып алдық.

Тақырыпқа байланысты оқу: Өзбекстан Ауғанстанға ұн және бидай тасымалдауды тоқтатады

Жандос Қуанышев сөзін қорытындылай келе, Қазақстанның ұн тарту саласында шынымен де көптеген проблемалар бар, бірақ олар тек көлік мәселелерімен ғана байланысты емес. Оларды кешенді түрде шешу керек деді.

 «Астық Транс» ұн мен нан өндірісінің әлеуметтік маңыздылығын түсіне отырып, өңдеушілер бидайды солтүстіктен оңтүстікке астық жеткізу процестерін оңтайландыру бойынша жұмысты жалғастырады.

Сергей Буянов