Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Қазақстанның элеваторлық жабдықтарын жаңарту қажет — CIMBRIA
Қазіргі таңда Қазақстандағы көптеген элеваторларды техникалық тұрғыдан қайта жаңарту керек, деп санайды CIMBRIA концернінің мамандары.
AgriTek/FarmTek Astana 2020 XV халықаралық мамандандырылған ауыл шаруашылығы көрмесіне CIMBRIA (Дания) астық және тұқымдарды өңдеу мен сақтау саласында көп жылдық тәжірибесі бар концерн өз жабдықтарын әкеліп қойды.
Компанияның осы аймақтағы директоры Нұрлан Садвакасовтың айтуынша, қазіргі кезде Қазақстанның ауыл шаруашылығында осыдан 30-50 жыл бұрын қойылған элеваторлар жұмыс істеуде. Бұл жабдықтардың тозығы жеткен. Сондықтан да астық сақтауға арналған құралдар іс жүзінде әрең жұмыс істеуде. Сол себепті оларды жаңарту үшін инвестиция салу керек, мұндай істерге кез келген аграршының мүмкіндігі жоқ.
«Элеваторды толықтай ауыстыру үшін көп қаражат кетеді. Сондықтан да олар ескі жабдықтарды жөндеп, одан әрі қолдануға тырысады. Астық бағасы тұрақты емес жағдайда, оның пайдасы да шамалы болады. Ал кредит төлеу оңай шаруа емес, жаңадан сатып алынған элеватордың өз құнын ақтау мерзімі алты және одан да көп жылды құрайды», деді- Нұрлан Садвакасов.
Дегенмен, аграршылар оларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдікпен несие алу немесе субсидия алу арқылы белгілі бір жабдықтарды сатып алу мүмкіндіктерін пайдалана алады.
Компания өкілдерінің айтуы бойынша, қазіргі уақытта Қазақстан нарығында CIMBRIA компаниясының элеваторлық жабдықтары мен тұқым тазалау құрылғылары осы саланың 20-25% - ға жуығын алып отыр.
Анықтама. CIMBRIA концерні астық пен тұқымдарды өңдеу және сақтау, сондай-ақ азық-түлік және басқа да өнімдер саласындағы әлемдік нарықтағы компаниялардың бірі болып табылады. Сонымен қатар компания жобалау, инжиниринг және технологиялық бақылау қызметтерін ұсынады; ескі элеваторларды жаңарту бойынша жұмыстарды да жасайд.