Ауыл шаруашылығы министрлігінде әдеп жөніндегі уәкіл тағайындалды

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі болып Илхам Ахметов тағайындалды. Тиісті бұйрыққа министрлік аппаратының басшысы қол қойды. Бұл туралы ElDala.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Илхам Аметов заңгерлік және ветеринарлық білімі бар. Жапонияда ауыл аудандарын дамыту бағыты бойынша тағылымдамадан өтті.

Әр жылдары ветеринар-фельдшер, ветеринариялық дәрігер, шаруа қожалығы директорының орынбасары, сондай-ақ ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы болып жұмыс істеді. Тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Түркістан облыстық аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары қызметін атқарды, сондай-ақ өңірдің аумақтық инспекциясының әдеп жөніндегі уәкілінің міндетін атқарды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.