Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Коронавирус пандемиясы Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өндірісіне әсер етпеді
Елдегі короновирус пандемиясына қарамастан, биылғы жылдың төрт айында агроөнеркәсіптік кешенде жағдай тұрақты күйде болуда. Бұл ақпаратты бүгінгі халыққа есеп беру кездесуінде Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді.
«Аталған төрт айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,2% -ға, азық-түлік өндірісі 2,4% -ға өсті. Ауыл шаруашылығына салынған инвестициялар 10,1%-ға артып, 98,4 млрд. теңгені құрады, азық-түлік өндірісі - 14,9% және 20,6 млрд. теңге болды. Мал шаруашылығында өнімдер шығару 2,3%-ға артты. Мал етінің өндірісі 3,6% -ға, сүт 3,2% -ға артты», - деді С.Омаров.
Министрдің мәліметі бойынша, көктемгі егін егу жұмыстарын жүргізу үшін дер кезінде барлық шаралар жасалғанын айтты. Қазіргі уақытта егіс жұмыстары аяқталуға жақын екенін хабарлады.
«Короновирустық пандемия кезінде азық-түлік қауіпсіздігі және ауыл шаруашылық саласын дамыту негізгі мәселелердің бірі болғанын көрсетті. Қазір көптеген елдер агроөнеркәсіп кешенін дамыту арқылы ішкі нарықты қамтамасыз етуге және импортты алмастыруға баса назар аударып жатыр», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы.
Оның айтуынша, 2019 жылы ауылшаруашылығының жалпы өнімі 0,9 пайызға артып, 5,2 трлн теңгені құрады. Сонымен қатар, мал шаруашылығы 4% -ға өсті, ал ауа-райының қолайсыздығына байланысты өсімдік шаруашылығы 1,7%-ға төмендеді.
2019 жылы ауыл шаруашылығы саласына 501,6 млрд.теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылғы деңгейден 41% -ға көп (2018 жылы - 395,6 млрд.теңге).
2019 жылдың соңында ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 2,4 млн.теңгені құрады, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 14% -ға көп болып есептеледі.