Қазақстан ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы өзін оқшаулады

Елжан Біртановтан COVID-19 инфекциясы анықталғаннан кейін  Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров  өзін оқшаулауға кірісті.

Денсаулық сақтау министрі диагнозын 14 маусымда жариялады. Одан екі күн бұрын, 12 маусымда Елжан Біртанов, Сапархан Омаров және премьер-министр Асқар Мамин тағы бірнеше үкімет мүшелері  Жамбыл облысына бірге сапарға барған. Денсаулық сақтау министрлігінің басшысысынан коронавирусқа тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткен соң,  онымен байланыста болған министрлер қауіпті індетке тест тапсыра бастады. Үкімет басшысы Асқар Мамин және қалған билік өкілдері мен Жамбыл облысының әкімі өздерін оқшаулаға кіріскен.

ҚР АШМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Сапархан Омаровтың COVID-19-ға тапсырған тесті теріс болып шыққан. Хаттамаға сәйкес министр тесті екінші рет қайталап тапсыруы тиіс. Ал әзірше ол қашықтықтан жұмыс жасап жатыр.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.