Қазақстандық еңбеккерлер Qoldau –дан бас тартып ААЖ-ға көшетіндері туралы айтты

Мал шаруашылығымен айналысушы кейбір еңбеккерлер ақпараттық-аналитикалық жүйені (ААЖ) пайдаланып, асыл тұқымды жұмыстарға субсидия алуға өтініш жасауда, ал тарифтері жоғары «Qoldau» жүйесінен толығымен бас тартуды ұсынуда. Бұл туралы Қазақстан фермерлер қауымдастығынан хабарлады.

Фермерлер қауымдастығы кеңесінің төрағасы Жигули Дайрабаев республикалық ірі қара мал палаталарының өкілдерімен кездесті: Әулиекөл тұқымы бойынша РП -ның атқарушы директоры Нұрғали Бисекеновпен, сүт және қоспа тұқымдар бойынша РП кеңесшісі Азамат Сағынбаевпен, қазақтың ақбас тұқымы бойынша атқарушы директор Дәурен Матакбаевпен, қалмақ тұқымы бойынша атқарушы директор Бахтияр Утельбаевпен, ангус  тұқымы бойынша атқарушы директор Бауыржан Разақпен кездесті.

«Республикалық палатаның өкілдері бірауыздан «Qoldau» жүйесінің тарифтерін көтеретініне  қарсылықтарын білдірді және мал өсірушілерге ақпараттық-аналитикалық жүйеге көшу қажеттілігі туралы айтты», - деп атап өтті қауымдастық.

Кездесу барысында шаруа қожалықтарындағы жағдайлар талқыланды. Кездесуге қатысушылар мал тұқымының сапасын жақсарту және ет және сүт бағытындағы сиырлардың санын көбейту жайлы, аталған тұқымды Қазақстан аумағында тарату туралы талқылады.

Айта кетерлік жағдай, қазіргі уақытта Ақпараттық-аналитикалық жүйе малшыларды «Субсидиялаудың ақпараттық жүйесі» (САЖ) порталына субсидия алуға өтінімдер беру  үшін бағыттап жібереді. Барлық қолданушылар үшін порталға тіркелу және САЖ-дың жеке кабинетіне кіру ақысыз жасалады.

Qoldau тарифінің бағасы қымбат екендігіне фермерлер көптен бері наразылық білдіруде. Заңға сәйкес, мемлекеттік қызметтер тегін көрсетілетініне қарамастан, субсидиялар алу үшін Qoldau-ға кіргенде ақы төлеу керек. Сонымен қатар, жүйедегі ай сайынғы төлемдердің бағасын бірден 3,7 есеге арттыру жоспарланып отыр: 3-тен 11 АЕК-ке дейін. Qoldau тарифі туралы мәселені ҚР премьер-министрімен талқылағаннан кейін  бұл жағдай кейінге қалдырылды, бірақ толығымен шешілмеді.

 2019 жылы фермерлер  Qoldau жүйесі арқылы субсидия алу үшін 86 581 өтінім берілген:

Субсидия берілетін салалар

2019 жылы электронды түрде берілген өтінімдер саны

1

Тыңайтқыштар

18 041

2

Гербицидтер

26 386

3

Гектарлы субсидия

-

4

Тұқым шаруашылығы

4 598

5

Акваөнімдер

10

6

Ревизионды одақ

209

7

Мал шаруашылығы

4 721

8

Инвест субсидия

13 448

9

ГАЖ

-

10

КИЛ

17 420

11

Қаржылай қалпына келтіру

29

12

ҚҚС

-

13

Терең өңдеу

309

14

Суғару

1 391

15

МҚҰ

10

16

Кепілдік бойынша комиссия

9

 

Барлығы

86 581

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.