Qoldau жүйесін пайдаланғаны үшін фермерлерге тариф қымбаттамайды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Транстелеком» жоспарлағандай, фермерлерге Qoldau жүйесін пайдаланғаны үшін тарифті 3-тен 11 АЕК-ке дейін көтермеуді тапсырды. Бұл туралы Қазақстан фермерлер қауымдастығының төрағасы Жигули Дайрабаев мәлімдеді.

Ж.Дайрабаевтың хабарлауы бойынша, Асқар Мамин бизнесті дамыту жөніндегі кеңесте тарифті күрт көтеру мәселесін тоқтатты.

«Фермерлерге қосымша ауыртпалық жасалмауы тиіс», - деді премьер-министр.

Кездесуден кейін Жигули Дайрабаев енді Qoldau тарифі екі ай мерзімге көтерілмейтінін айтты. Осы уақыт аралығында электронды жүйеге субсидия бөлуді қайта қарап, фермерлер үшін жақсы, қолайлы құрал табу керек.

Фермерлерге субсидия алу кезінде Qoldau жүйесін пайдаланғаны үшін абоненттік төлем бірден 3,7 есеге, яғни - 3-тен 11 АЕК-ке дейін өсетіндігі айтылған болатын.Осы жағдайға байланысты бірнеше фермерлердің қауымдастықтары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға аталған қаржылық ауыртпалықтың көбеюіне жол бермеу туралы хат жолдады. Онда заңға сәйкес мемлекеттік қызметтер ақысыз көрсетілуі керек, яғни субсидия алуға өтініш беру жүйесін пайдалану тегін болуы керек делінген. Бұл тарифтердің көтерілуі туралы жаңалық сәуір айында, дәл  дағдарыс кезінде хабарланғанын  атап өту керек.

Осыған байланысты, фермерлер бірнеше мәрте реніштерін білдірген болатын және  Qoldau жүйесінің орнына фермерлерге шынай түрде қолдау көрсететін басқа құралмен ауыстыру қажеттігін  ұсынған болатын.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.