Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Депутат зиянды тағамдарды қара таңбамен белгілеуді ұсынды
Бүгін Сенатта «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасын талқылау барысында депутат Мұратбай Жолдасбаев аурудың алдын-алудың басты факторы адамдардың өмір сүру салты мен тамақтануы екендігіне назар аударды. Халыққа пайдалы тағамдарды таңдауға көмектесу үшін сенатор тиісті таңбалауды енгізуді ұсынды.
«Бүгінгі таңда өркениетті мемлекеттерде азық-түлік өнімдеріне әртүрлі заттаңбалар қолданылады, бұл сатып алушыға таңдауда үлкен көмек көрсетеді. «Қара таңба» деген белгі бар. Бұл белгі денсаулыққа зиянды тағамдарға салынса, оның құрамында тұз көп және қауіпті Е-қоспалары бар дегенді білдіреді», - деді депутат.
Ол қалған өнімдерді жасыл, сары және қызыл белгілермен таңбалауды ұсынды, мұнда жасыл таңба пайдалы тамақ екендігін көрсетеді. Бұл адамдарға сатып алуда таңдау жасауға жәрдемдеседі.
«Біздің сауда дүкендерімізде бәрі сөрелерге жаппай қойылады, сатып алғысы келетін адам ненің пайдалы, ненің пайдасыз екенін ажырата алмай қиналады. Мұндай сөрелердегі заттарды білу үшін бірыңғай заңнамалық тұрғыда талаптарды белгілеу қажет», - деді Мұратбай Жолдасбаев.
Сондай-ақ, оның пікірінше, пальма майларын өнімдерге қосуға заңды тұрғыда тыйым салатын уақыт келіп жетті. Көптеген өркениетті мемлекеттерде мұндай тәртіптер бұрыннан бар.
Сонымен қатар, ол Ресейде сұйық қант, яғни тәтті газдалған сусындарды тұтынуға акциз енгізу мәселесі талқыланғанына назар аударды. «Газды сусындар өте қауіпті, бұл адамдар үшін артық салмақ жинап, 2 типті қант диабетімен байланысты аурулардың санын көбейтеді. Адамдардың тістері қандай күйде десеңіздерші», - деп ойын айтты сенатор.
М.Жолдасбаев сонымен қатар Финляндиядағы тамақ өнімдеріндегі тұз мөлшерін азайту тәжірибесін ескеруге шақырды. «Онда олар тұзды жүйелі түрде 10 жыл бойы азайтып отырған, нәтижесінде адамдар сауыға бастаған. Тұздың мұндай ақырын баяулауымен ешкім тағам дәміндегі айырмашылықты сезбеген. Біз тұтынатын тұзды пайдалы етіп, яғни йодпен қосып жасау керек», - дейді депутат.
Ол Денсаулық сақтау министрлігін аталған ұсыныстарды қолданып, оларды болашақта заң жасау барысында ескеруге шақырды