Фермерлер электронды Qoldau жүйесін басқаға ауыстыруды сұрайды

Қазақстан фермерлер одағы Qoldau.kz порталын пайдаланғаны үшін абоненттік төлемдердің қымбаттауы мүмкін деген қауіп туралы ҚР Премьер-министрінің орынбасары Роман Склярға жолдаған хатында жазды. Елдің әр түкпіріндегі фермерлердің  пікірі бойынша, аталған «беделді» ақпараттық жүйенің орнына басқасын іздеу қажеттілігі айтылған.

Естеріңізге сала кетсек, Qoldau.kz порталы 2018 жылы агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру жұмыс бойынша  іске қосылған болатын. Платформаны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еншілес компаниясы - Ақпараттық-есептеу орталығы дайындаған. Qoldau.kz-тің негізгі қызметі - әр түрлі мемлекеттік қолдауларға қатысу үшін фермерлерден электронды өтініштер қабылдау.

Бұл ретте фермерлердің де, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының да наразылық білдіріп, сынап отырғандары  порталға қосылу үшін жыл сайын абоненттік төлем талап етіледі. Әдетте мемлекеттік қызметтер (соның ішінде мемлекеттік қолдауға өтініш беру) заңға сәйкес ақысыз болуы керек.

Ай сайынғы төлем мөлшері азайған соң екі тарап келісімге келген еді. Алайда, үстіміздегі жылдың сәуір айында, дағдарыс басталған кезде, «Транстелеком» порталын басқарушы компания ай сайынғы төлемді 3-тен 11 АЕК-ке дейін 3,7 есеге арттыруды жоспарлап отырғанын хабарлаған болатын. Себебі жаңа жабдық сатып алу қажет болғандықтан компания осындай шешімге келген.

Қазақстан фермерлер одағының үкіметке жолдаған хатынан кейін, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП-тың өткір сынынан соң, аталған  мәселені шешу 1 маусымға қалдырылған болатын.

«Қазақстандағы барлық фермерлердің пікірінше, субсидия алуға жүгіну үшін жүйені пайдалану құны нөлге тең болуы керек. Шаруалар үшін қызметтердің қымбаттауы –дұрыс емес, ашуланарлық жағдай.

Елдегі күрделі кезеңді ескерсек, ауылшаруашылық тауар өндірушілері қазірдің өзінде үлкен шығындарға кенелуде. Өндірістік емес қосымша шығындардың артуы өнімнің өзіндік құнына кері әсер етіп, азық-түлік тауарларының қымбаттауына әкеледі.

Мысалы малшыларға арналған - тегін жүйе жұмыс істейді. Біз Qoldau жүйесінің орнына фермерлерге шынайы қолдаумен қамтамасыз ететін дұрыс  құрал іздеуіміз керек», - делінген Қазақстан фермерлер одағының хатында.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің фермерлерін қолдау туралы тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, Қазақстан Фермерлер одағы Премьер-министрдің орынбасары Роман Склярдан жағдайды түсініп, Qoldau порталы қызметтерінің қымбаттауына жол бермеуін сұрайды.

Хаттың көшірмелері Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровқа,  Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовке, «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовке жолданды.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.