Qoldau тарифі төрт есеге қымбаттады

1 маусымнан бастап Qoldau платформасының операторы «Транстелеком» 4 есеге дейін, яғни 3 -11 АЕК-ке (8334-тен 30 558 теңгеге дейін) дейін сайтты қолдану ақысын қымбаттаты. Фермерлер мемлекеттік субсидия алуда аталған платформаны қолдануға мәжбүр, алайда олар  электронды қызметті пайдаланғандары үшін ақша төлеуде. Бұл туралы Eldala.kz сайтына Қазақстан фермерлер одағы Ақмола филиалының төрағасы Қанат Сүлейменов хабарлады.

Осы жылдың маусым айында Премьер-министр Аскар Мамин тарифті қымбаттатуды екі айға кейінге қалдыруға бұйрық берді. Алайда Премьер-министрдің бұйрығы орындалмады.

«Аталған кәсіпорын тарифтерін 3-тен 11 АЕК-ке дейін көтеру туралы шешімдері 1 маусымда күшіне енді. Фермерлер біздің ұжымды шақырып, ойларымен бөлісті, олар Премьер-министрдің бұйрығының орындалмай жатқанына наразы. Бұйрық айтылады, алайда іс жүзінде басқаша жасалады, деді наразы болған  фермерлер қауымы. Барлық субсидиялау бағдарламалары Qoldau арқылы өтеді және мемлекеттік қызметті пайдалану үшін жүйе бұл төлемді талап етеді. Заңға сәйкес, барлық мемлекеттік қызметтер ақысыз болуы керек», - деді Қанат Сүлейменов.

Бұған дейін фермерлер бірнеше рет субсидия алу қызметін пайдалануда ақпараттық-сараптамалық жүйеге (АСЖ) ауыстыруды ұсынған, ол арқылы малшыларға субсидия ішінара төленеді.

«Барлық субсидияларды АСЖ-ға толығымен ауыстыруды ұсындық. Осылайша, барлық ауылшаруашылық тауар өндірушілер бір ресурс бойынша, ақысыз субсидия алуға болады. Егер ауыспасақ, осы Qoldau платформасын пайдаланғанымыз үшін  миллиондаған ақша төлеуге мәжбүр боламыз. Фермерлер мұның мәнісін түсіне алмай дал болуда», - деді Қ.Сүлейменов.

Дегенмен, ол шағын және ірі фермерлер үшін бөлек тариф төлеу туралы ұсынысты қолдамады, өйткені бұл, оның пікірінше,  сыбайлас жемқорлыққа әкеліп соғады.

«Кейбіреулер наразылық білдіруде, не себепті кейбір  фермерлер аз төлеп, кейбірі көп төлеуге тиіс? Кімнің шағын не үлкен екенін кім анықтайды? Бұл жемқорлыққа әкеледі деп пікір айтуда», - деді ол.

Тарифтердің өсуі туралы «Ертіс Агро» ӘКК басқарма төрағасы Ерлан Токтушаков ойын айтты. Кәсіпорынның құрамына Павлодар облысындағы 35 шаруа қожалығы кіреді, олардың  иелігінде жалпы көлемі 200 мың гектар  бар.

«Qoldau платформасы ашылған кезде төлейтін ақша небәрі 0,5 АЕК мөлшерінде болады деген. Егер қымбаттаса, ең көп дегенде 1 АЕК-ке дейін жетеді деген еді. Алайда екі жылдан бері тариф бағасы 21 есе өсті! Бұлай  қымбаттауды қалай түсінуге болады?», деп ренішін білдірді Е.Токтушаков.

Естеріңізге сала кетейік, фермерлер биыл сәуір айында тарифтің бірден 3,7 есеге көтерілетіні жайлы біліп, фермерлерге ауыртпалық түсірмеу жайында Қазақстан үкіметіне өтініш айтқан еді. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярға жолдаған хатында, Фермерлер Одағы Qoldau «өз беделін түсірген», енді олар басқа ақпараттық жүйе қажет екендігін мәлімдеген болатын. Фермерлерге субсидиялар беру бойынша мемлекеттік қызметтерді басқа платформада беру ұсынылды, мысалы, АСЖ жүйесін қолдануға болады, себебі мал өсірушілер аталған жүйені ешқандай да ақша төлемей пайдалануда.

Фермерлердің ұстанымын «Атамекен» ҰКП қолдады. Бірлескен өтініштерден кейін Qoldau тарифін көтеру мәселесі 1 маусымға қалдырылды.

Олар 10 маусымда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездесу барысында тариф мәселесін тағы да қайталап айтқан болатын. Фермерлердің сөзін «Атамекен» ҰКП қолдаған еді. Олардың айтуынша осыған дейін Qoldau -дың абоненттік төлемі фермерлердің, Ауыл шаруашылығы министрлігінің және Ұлттық палатаның келісімінсіз  біржақты тәртіппен 3,7 есе өсті. Премьер-министрге жүгінген фермерлер халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе осындай балама ақпараттық платформалар арқылы субсидиялар алуға өтінімдер қабылдау мүмкіндігін қарастыруды ұсынды.

Сол кездесуде Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Qoldau жүйесі жағдайында картельдік келісімнің белгілері бар сияқты екенін айтты.

«Біз тарифті көтеруден екі ай бұрын ескі тарифтің қалуын ұсынған едік. Осы уақыт ішінде бизнес-қауымдастықпен, Ауыл шаруашылығы министрлігімен және ҰКП-пен бірге келісілген тариф жасауды, не қағаз құжатқа  оралуды немесе басқа жүйе дайындауды болмаса халыққа қызмет көрсету орталығына көшуді ұсынған болатынбыз», - деді ҰЭМ басшысы.

 Тараптардың пікірлерін тыңдағаннан кейін Аскар Мамин тарифті қымбаттату мәселесін екі айға кейінге қалдыру туралы тапсырған болатын, содан кейін фермерлерді субсидиялаудың электронды басқа жүйесін қарсатыруды, ыңғайлы ең жақсы платформа жасауды міндеттеген болатын.

«Фермерлерге ешқандай ауыртпалық  түспеуі керек», - деп атап өтті Премьер-министр.

«Транстелеком» АҚ үкімет басшысының бұйрығын орындамағаны белгілі болды. Компания ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап жаңа тарифтік баға енгізетінін хабарлады. Бұл жолы «Транстелеком» алынған субсидиялардың мөлшеріне қарай ақша ұстау туралы шешім қабылдады: 0,1 миллион теңгеге дейін - 3 АЕК, 0,1 миллионнан 1 миллион теңгеге дейін - 10 АЕК, 1 миллион теңгеден жоғары - 11 АЕК.

Қазіргі уақытта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарифтердің өзгеруі туралы пікірлер жазылған  жауап дайындау үшін салалық одақтар мен қауымдастықтардан жедел түрде ұсыныстар жинауда.

Светлана Калинкина

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.