04 января 2023 Қазақстан

Серік Садықов Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығын басқарды

Серік Садықов "Агротехнологияларды трансферттеу және коммерцияландыру орталығы" ЖШС басқарма төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы ҰАҒБО баспасөз қызметі хабарлады.

Серік Садықов 2019 жылдан бастап ҚР отырғызу материалдарын өндірушілер қауымдастығының басқарма төрағасы болып табылады.

Бұған дейін ол "Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтын" (ҚазЖКШҒЗИ) басқарған, сондай-ақ ситуациялық талдау орталығының басшысы болған.

Садықов аграрлық салада 20 жыл жұмыс істейді.

Бұрын ElDala.kz-ке берген сұхбатында Серік Садықов Қазақстандағы жеміс-жидек дақылдарының тәлімбағын қалпына келтіру жұмыстары туралы айтқан болатын.