Қазақстанның ауыл шаруашылығына инвестициялар 33%-ға өсті

Қаңтар-ақпан айларында Қазақстанда ауыл шаруашылығына инвестициялар ағыны 33,1% - ға өсті. Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров Үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, есепті кезеңде негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2%  құрады. Инвестициялар ағыны ауыл шаруашылығында – 33,1%-ға, өнеркәсіпте -14,1%-ға, оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде - 7,2% - ға өсті.

"Өңірлік бөліністе үздік көрсеткіштер Ұлытау облысында, сондай-ақ Маңғыстау, Павлодар және Қарағанды облыстарында байқалады", - деді Қуантыров. 

Сонымен қатар, ол өңдеу өнеркәсібі оң өсу қарқынын сақтап отырғанын атап өтті. Өндіріс көлемі 2,5% - ға өсті. Оң өсім 16 өңірде тіркелді. Ең үлкен өсім Солтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысында және Алматы қаласында байқалады.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бөлінісінде тамақ өнімдері өндірісінің – 9,6% – ға, химия өнеркәсібі өнімдерінің – 3,6% - ға, сусындардың -22,6% - ға өсуі қамтамасыз етілді.

Ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 3,9%-ға өсті. Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең үлкен өсімді Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Қостанай облыстары көрсетті.

Барлық көрсеткіштер бойынша 6 өңірде – Абай, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Павлодар облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында оң өсім байқалады. 6 көрсеткіш бойынша 9 өңірде өсім байқалады. Бұл Ақмола, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Ұлттық экономика министрі хабарлағандай, қаңтар-ақпан айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 4,3% құрады.

Алдын ала қорытындылар бойынша 2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7% - ға өсіп, 10,3 млрд долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4%-ға өсіп, 6,1 млрд долларды құрады. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21,5% - ға 2,1 млрд долларға дейін өсті. Тауарлар импорты жалпы алғанда 4,2 млрд долларға жетті, оң сауда балансы 1,9 млрд долларға тең.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.