Мәжілісте аграрлық комитет мүшелерін таңдады

Бүгін мәжіліс отырысы барысында Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы мен мүшелері сайланды. Бұл туралы ElDala.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы болып Серік Егізбаев сайланды.

Комитет мүшелері болып сайланған:

  • Қазыбек Әлішев;
  • Аманжол Әлтай;
  • Нұржан Әшімбетов;
  • Павел Казанцев;
  • Данияр Қасқарауов;
  • Еркебұлан Мәмбетов;
  • Жигули Даирбаев;
  • Ислам Сұңқар;
  • Айдарбек Ходжаназаров.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мәжіліс жаңа құрамда жұмыс істей бастады. ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев VIII сайланған Қазақстан Парламентінің бірінші сессиясын ашты. Еран Қошанов Мәжіліс төрағасы болып қайта сайланды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.