Қазақстандық халал өнімдердің нарығы жалған тауарлардан қалай қорғалады?

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Қазақстандағы халал өнімдеріне қандай талаптар қойылатынын және халал тауарларды тұтынушылардың жалған өнімдерден қалай қорғалатынын түсіндірді.

«Біз Халал стандарттарды Ислам ынтымақтастығы ұйымы, Ислам елдерінің стандарттары мен метрология институты, MS стандарттары (Малайзия), CODEX ALIMENTARIUS комиссиясының нұсқаулары және басқада осындай талаптарды ескере отырып жасадық. Бұл өте маңызды. Өйткені, біздің елімізде халал өнімдерді сатып алу кеңінен таралған. Яғни елімізде (халал өнімдер деген атаумен  көптеген зат сатылады) нақты тұжырымдалған ереженің болуы керек», - деп жазды Сұлтанов Facebook бетіндегі хабарламасында.

Ол күшіне енген Халал өнімдердің 5 ұлттық стандартында «пакеттік қағидасы» бойынша құрастырылған 5 талап өнімді өндіру барысында бірдей қолданылуы керек.

Стандартқа сәйкес, халал өнімдерін өндіруде тек халал өнімдерінен алынған шикізат пен ингредиенттерді пайдалануға рұқсат етіледі. Халал емес өнімдерге жататын тыйым салынған жануарлар мен құстардың етін, сондай-ақ олардың бөліктері мен мүшелерін пайдалануға болмайды.

Сондай-ақ өндіруші өзінің өндірістік желісінің тек халал өнімдерін өндіруге арналғанына көз жеткізуі керек.

«Егер өндіріс желісі бұрын халал емес өнімдер шығаруі үшін пайдаланылса, халал өнімдерін шығарар алдында өндірістік желіні санитарлық-гигиеналық ережелерге және исламдық дәстүрге сәйкес тазалап, жуу керек. Өндірістік желіні халал емес жағдайдан халалға қайта-қайта өзгертуге жол берілмейді», - деді министр.

Сондай-ақ, ол халал өнімдерін өндіру үшін жануарлар мен құстарды сойуда тек қолмен бауыздау әдісі қолданылатынына назар аударды.

«Жануарлар мен құстарды сою ислам ережелеріне сәйкес жүргізілуі керек. Бұл талапты тек белгілі бір дағдылар мен біліктілікке сүйеніп қана емес, сонымен қатар діни бірлестіктің рұқсаты бар Халал бақылаушы  қадағалап, басқаруы тиіс», - деді Бақыт Сұлтанов.

Сонымен бірге, өндірістегі сою жұмысында, ислам ережелеріне сәйкес келетін белгілі бір дағдыларды қажет ететін жағдайлардан басқа кезде, кез-келген ұлт пен діннің қызметкерлері халал өндірісін жасау процесіне қатыса алатындығын атап өтті.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.