Астанада аграрлық индустриялық аймақ құрылуда

Астанада инвестиция сомасы 17,3 млрд теңгені құрайтын азық-түлік өнімдерін өндіру бойынша жеті жоба іске асырылуда, сондай-ақ инвестиция сомасы 15 млрд теңгені құрайтын қуаттылығы жылына 7 мың тонна өнім шығаратын жылыжай кешені салынуда. Сонымен қатар, қалада аграрлық индустриялық аймақ пайда болады. Бұл туралы Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев Коммуникациялар қызметінің брифингінде мәлімдеді.

«Қаланың азық-түлік өнеркәсібінің әлеуетін арттыру мақсатында қажетті инженерлік инфрақұрылымы бар аграрлық индустриялық аймақ құру жоспарлануда. Қазірдің өзінде ауданы 67 га жер телімі анықталды», - деді Мақсат Жаңабаев.

Ол сондай-ақ қала билігі сауда-логистикалық инфрақұрылым мен азық-түлік өнеркәсібін дамытуға ерекше назар аударатынын хабарлады. Бүгінгі таңда бұл бағытта жалпы құны 79 млрд теңгені құрайтын 20 жоба жүзеге асырылуда. Оның ішінде жаңа қойма кешендері мен көкөніс қоймаларының құрылысы жүргізілуде.

Сондай-ақ, қалада өнімдерді өндірушілерден тікелей сатып алу жүргізілуде.

«Айналым тетігі» аясында қала бюджетінен 13 млрд теңге бөлінді. Азық-түлік қоры шамамен 27 мың тоннаны құрады: 17 мың тонна көкөніс және 10 мың тонна бакалея өнімі. Сондай-ақ халықты арзандатылған нанмен қамтамасыз ету үшін Азық-түлік корпорациясымен тоннасы 90 мың теңгеден 5,8 мың тонна астық алуға келісім-шарт жасалды», – деді Мақсат Жаңабаев.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.