Баян Сұлу Қостанайда жаңа өндірісті іске қосты

Қостанай облысында тамақ өнеркәсібінің ірі инвестициялық жобаларының бірі -  «Баян Сұлу» АҚ-ның «Кондитерлік астана» технологиялық кешені іске қосылды. Бүгінгі таңда кәсіпорынға 14,6 млрд теңге инвестицияланды. Қосымша желілер орнатыла отырып, инвестициялардың жалпы көлемі 20 млрд теңгеге дейін жеткізіледі, деп ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Кондитерлік астана» жыл сайын қосымша 16,6 мың тонна кондитерлік өнім өндіреді. Негізгі басымдық бисквит өнімдері мен печенье өндірісіне беріледі.

Өндірістің ұлғаюы «Баян Сұлу»-ға өнім түрлерін едәуір кеңейтіп, өндіріс көлемін ұлғайтуға және нарықтағы жоғары бәсекелестік жағдайында қазақстандық өндірушінің ұстанымын нығайтуға жол ашады және компанияның экспорттық әлеуеті де артады.

Нысанды іске қосу өңір экономикасының дамуына да оң ықпал ететін болады.Кәсіпорын қызметінен түсетін салық түсімдері жылына 4 млрд теңгені құрайды деп күтілуде. Өндіріс көлемінің өсуі көлік-логистика саласына, шикізат пен орау материалдарын жеткізушілерге, сондай-ақ аралас салалардағы басқа да кәсіпорындарға қосымша серпін бермек.

«Баян Сұлу» АҚ - 50 жылдан астам тарихы бар Қазақстандағы ірі кондитерлік кәсіпорындардың бірі. Компанияның өнімдері ішкі нарықта ғана емес, ТМД елдеріне, Еуропа мемлекеттеріне және Қытайға да экспортталады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.