Абай облысында ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы ауысты

Абай облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы болып Ертай Қуанбаев тағайындалды. Бұл туралы ведомстводан хабарлады.

Ертай Құнанбаев 1989 жылы туған. Д. Серікбаева атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетін «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» мамандығы бойынша бітірген.

Қаратал ауылдық округі әкімінің аппаратында түрлі лауазымдарда жұмыс істеді, ШҚО ауыл шаруашылығы басқармасы мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөлімінің бас маманы болды.

2019 жылдан 2022 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының мал шаруашылығын дамыту және субсидиялау бөлімінің және мал шаруашылығы және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бөлімінің басшысы болды.

Қазіргі тағайындалғанға дейін Абай облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.