Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Тоқаев органикалық өнім туралы заңға қол қойды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев табиғи ресурстарды сақтау мен ұтымды пайдалануға, дұрыс тамақтануды қалыптастыруға жәрдемдесуге және органикалық өнім нарығын дамытуға бағытталған «Органикалық өнім өндіру және оның айналымы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Заңда бірқатар жаңа ережелер қарастырылған. Біріншіден, органикалық өнім өндірісі мен айналымы саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттері қайта қаралды.
Сонымен қатар, органикалық өнім өндірушілердің ауқымы кеңейтілді, ол жеке және заңды тұлғалардан басқа, органикалық өнім өндірушілерді осындай бірлестіктерге (қарапайым серіктестіктерге) жатқызуға мүмкіндік береді.
Заңда органикалық өнім өндірісіне көшу шарттары көзделген, оны өндіруге, таңбалауға және айналымға қойылатын талаптар белгіленген.
Сондай-ақ, органикалық өнім өндіру саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкес келу мақсатында өндірілген өнімнің сапасы үшін ерікті қатысу, ішкі бақылау және ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген бірлескен кепілдіктер жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі жөніндегі ережелер көзделген.