Талғат Алдыбергенов ҚТЖ төрағасының орынбасары болып тағайындалды

Талғат Алдыбергенов «Қазақстан темір жолы» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық компанияның баспасөз қызметі хабарлады.

Талғат Алдыбергенов басшылық жұмыста 26 жылдық тәжірибесі бар. Еңбек жолын Батыс Қазақстан темір жолының Орал бөлімшесінің «Қазақстан» бекетінде тауар кассирі болып бастады.

Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын, Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Бұған дейін Орал бекетінің бастығының орынбасары, Орал бөлімшесі жүк және коммерциялық жұмыс бөлімі бастығының орынбасары, Батыс Қазақстан теміржолының жол коммерциялық ревизоры, «Желдорэкспедиция» ЕМК Ақтөбе филиалы директорының бірінші орынбасары, ҚТЖ «Фирмалық көліктік қызмет көрсету орталығы» ЕМК Ақтөбе филиалының директоры, ҚТЖ «Қазтранссервис» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарған. Сондай-ақ «Кедентранссервис» АҚ президенті болды.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.