Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі ислам ұйымы (АҚИҰ) және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» (ҰАҒБО) Қазақстандағы ауыл шаруашылығын дамыту бойынша негізгі бастамаларды талқылады
Астана, Қазақстан – 2024 жылдың 20 тамызы күні АҚИҰ Бас директоры, Елші
Берік Арын ҰАҒБО директоры қызметін атқарушы Ержан Айнабековпен
кездесу орын алды. Аталған кездесу барысында Қазақстандағы азық-түлік
қауіпсіздігін нығайту және ауыл шаруашылығы тұрақтылығын арттыруға
бағытталған бірнеше негізгі бастамалар талқыланды.
Кездесу барысында Б. Арын АҚИҰ-ның қазіргі және алдағы жоспарланған
жобаларының бірқатарымен таныстырды. Соның ішінде Қазақстанда Ислам
Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдері үшін халықаралық АҚИҰ генетикалық
банкін құру, бұл жоба өз кезегінде ауыл шаруашылығындағы биоалуантүрлілікті
сақтап қалу үшін маңызды қадам болып табылады. Кездесу барысында сондай-
ақ, Қазақстанда бидай өндірісін дамыту бойынша заманауи технологияларды
енгізу және халықаралық сарапшылармен ынтымақтастық орнату жұмыстары
атап өтілді.
Сонымен қатар, кездесу барысында соңғы уақытта болған жойқын су тасқынына
жауап ретінде су тасқынына тұрақтылық орталығын құру мәселесі талқыланды.
Бұл орталықтың қызметі аймақтардың табиғи апаттарға төтеп беру және
олардың қалпына келу қабілетін арттыруға бағытталады, сонымен қатар мүше
мемлекеттерде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге көмектеседі.
Қазақстанда люцерна өндірісінің тиімділігін арттыру мәселесі, фермерлерді
оқыту және ішкі, экспорттық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жергілікті
өндірісті арттыруға назар аударылды.
Талқыланған тақырыптар арасында топырақ жағдайын жақсарту үшін биочар
технологиясын қолдану және «ақылды» ауыл шаруашылығын дамыту үшін
жасанды интеллектіні пайдалану мәселесіне мән берілді. Бұл бастамалар
АҚИҰ-ның ауыл шаруашылығын дамытуда қазіргі заманғы технологиялар мен
практикаларды интеграциялау бойынша кең ауқымды стратегиясының бөлігі
болып табылады.
Кездесу соңында Айнабеков ҰАҒБО, АҚИҰ ұсынған ұсыныстарға толық қолдау
білдіріп, одан әрі ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтті. Ол азық-түлік
қауіпсіздігін және ауыл шаруашылығының тұрақтылығын арттыру
мәселелерінде бірлесудің маңызын айтып, жұмыла жұмыс істеуге дайындығын
білдірді. Кездесу соңында тараптар тиімді өзгерістер енгізу және жаһандық сын-
қатерлерге төтеп беру қабілетін нығайту жолында жұмысты күшейтуге келісті.