АШМ қазақстандықтардың жер иеленуге байланысты сұрақтарына жауап береді
Бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі жер қатынастары тақырыбында «Ашық диалог» порталында интернет-конференция өткізеді.
Жер пайдаланушылардың сұрақтарына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің жер қатынастарын дамыту және жерге орналастыру бөлімінің бас сарапшысы Марат Ергешбаев жауап береді. Конференция сағат 09: 30-да басталып, 18: 00-ге дейін болады. Сұрақтар жазбаша түрде қабылданады.
Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жерді тиімді пайдалану туралы фермерлік ұйымдармен бірге кең талқылаудың қажеттілігі туралы айтқан болатын. 2021 жылы Жер кодексінің кейбір нормаларына мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе бойынша қорытынды шешім қабылдау қажет.