Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Аграрлық несие корпорациясы өтінім қабылдауды бастады
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ азық-түлік өнімдерін өндіру және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру басталғанын хабарлайды.
2025-жылға арналған жалпы қаржыландыру көлемі шамамен 44 млрд теңгені құрайды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – айналым капиталын толықтыру үшін жеңілдетілген шарттармен несие қаражатын ұсыну арқылы кәсіпорындарды қолдау.
Қаржыландыруды шарттары:
- қаржыландыру сомасы – 3 млрд теңгеге дейін (бағытына қарай)
- несие мерзімі – 2026-жылдың 10-наурызына дейін
- сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 5% (ЖТСМ жылдық 5%-дан бастап).
- кепілмен қамтамасыз ету – Аграрлық несие корпорациясының кепіл саясатының талаптарына сай келетін мүлік
Бағдарламаға ет, сүт, майлы дақылдарды, жүнді өңдеу, ауыл шаруашылығы жануарларына арналған жем, жарма, макарон және кондитерлік өнімдерді өндіру сияқты бағыттар бойынша азық-түлік өнімдерін өндіретін немесе ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдейтін кәсіпорындар қатыса алады.
Жобаларға қойылатын талаптардың бірі – шикізат тек отандық өндірушілерден сатып алынуы тиіс.
Кеңес алу үшін және өтінім беру үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстардағы филиалына жүгіну қажет. Қосымша ақпаратты Agrocredit.kz сайтынан білуге болады және Kcell, Activ, Beeline абоненттері үшін 5353 және Tele 2, Altel үшін 8 775 007 68 07 Call center нөмірлері жұмыс істейді.