Қаржы министрлігі «Ауыл аманаты» бойынша қаржыландыру тәртібін қайта қарауды ұсынды

Агроөнеркәсіптік кешенде бюджеттік несиелер мен субсидияларды мақсатсыз пайдалану фактілерін ҚР Қаржы министрлігі анықтады. Атап айтқанда, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша екі мыңға жуық қарыз алушы ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты емес 13 млрд теңгеге несие алды. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Тақиев үкімет отырысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, кейбір жағдайларда инвестициялық жобаларды дамытуға берілген несиелер түпкі мақсатқа жетпей пайдаланылған. Мысалы, БҚО-да 2 млрд теңгеге мал мен жабдық сатып алынған жоқ.

«Осыған байланысты, мемлекеттік қолдау шараларының жүйесін тек нақты өндірілген өнім үшін ғана бере отырып, қайта қарау орынды деп санаймыз», - деп ұсынды министр.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.