Ақмола фермерлеріне есептік нөмірді алу мәселесін шешуге көмектесті

Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес  Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына субсидия алу үшін қажетті есептік нөмір алу мәселесін шешуге көмектесті, деп хабарлайды "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының (ҰКП) баспасөз қызметі. 

Аталған аймақтың 3 Ауылшаруашылық кәсіпорыны Кәсіпкерлер палатасына көмек сұрап хабарласқан. Мемлекеттік органдар оларға есептік нөмір беруден бастартқан.

Есептік нөмір қызмет түріне қарай және мал өсіру, сату, мал сою, ет сақтау, өңдеумен айналысатын  өндіріс объектісінің нөмірін қамтитын кодтан тұрады. Бұл нөмір, сондай-ақ, ветеринарлық препараттарды, жем-шөп, жемдік қоспаларды сақтау және сатумен айналысатын ұйымдарға беріледі.

 Осыған дейін нөмірлерді облыстық ветеринария басқармасы берген. Алайда өткен жылдың соңында шаруалар мемлекеттік органнан есептік нөмірді беруге қатысты бас тартуына тап болған. Заңнамаға енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкес бұл функциялар жергілікті атқарушы органдардан алынып, ветеринария саласында аумақтық өкілетті органның құзыретіне (Ауыл шаруашылығы Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті) берілген.

Алайда ветеринарлық бақылаудың аумақтық инспекциясы да нормативтік-құқықтық актілердің болмауын сылтауратып, аталған қызметтерді көрсетуге асықпады. Олардың осылайша  “қолдары байлаулы” екені туралы кездесу барысында облыстық ветеринария басқармасының жетекшісі Базарбай Булашев  айтты.

 «Барлық нормативтік-құқықтық құжаттарды бекітуге тағы екі ай кетеді. Есептік нөмірлерді тағайындау функциясы жергілікті атқарушы органдарға берілген. Сонымен қатар «Құқықтық актілер туралы» Заңның  нормативтік-құқықтық актіні қабыладауға байланысты қарым-қатынасты реттейтін НҚА жұмыс істейді. Яғни, Ақмола облысының ветеринария басқармасында шот нөмірін ұсынбауы мүмкін емес», – деді ӨКП директорының орынбасары Гүлден Хаметова.

Биылғы 2020 жылдың  6 ақпанында мал шаруашылығын субсидиялау бойынша құжаттарды қабылдау басталды. Ал есептік нөмірді беруден бас тарту субсидия ала алмауға әкеп соғады. Өйткені субсидия алуда есептік нөмір талап етілетін шарттар бар.
Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес отырысының қорытындысы бойынша ветеринария басқармасына жуық арада осы мәселені шешуді ұсынды.

Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінен НҚА күшіне енгенге дейін есептік нөмірлерді ветеринарлық бақылаудың аумақтық инспекциясы береді деген жауап келіп түсті.

 

 

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.