Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ШҚО-да 2 мың гектар алқаптағы орман өрті сөндірілуде
«Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында бір тәулік бойы орман отқа оранып, өрт сөндірілуде. Кешегі кештен бастап өрт алаңы 100-ден 2000 гектар аймаққа дейін таралған.
«Бүгінгі күні сағат 07.40 –та өрттің таралу аймағы шамамен 2000 гектарды құраған. Қатты өртену салдарынан бұл жерлердің орманды немесе жазық дала екендігін айыру қиын болып тұр», — деп жазды Facebook — те Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет
Қазақстан ТЖ комитетінің ақпаратына сәйкес, аталған аймақтағы өрт төменнен жоғары қарай таралған. Желдің қатты тұруынан от үлкен аумаққа шапшыған. Өртті сөндіру орманды және жазық алқаптардағы үш учаскеде жүргізілуде.
Төтенше жағдайлар департаменті, «Семей орманы», «Ертіс Орманы» резерватының күштері апатпен күреске жұмылдырылған. Өрт сөндіруге барлығы 300-ден астам адам және 85 бірлік техника қатысуда. Сондай-ақ әуеден өртті сөндіру үшін су шашатын құрылғысы бар Ми-8 тікұшағы және аэровизуалды бақылап, тексеру үшін Ми-2 тікұшағы пайдаланылуда. Көкшетаудан өрт сөндіру үшін бүгін таңертең әлемдегі ең үлкен МИ-26Т тікұшағы жіберілді. Борт бір рет әуеге көтерілгенде салмағы 10 тонна су шаша алады.