Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Аграршыларға егін егу жұмыстарына жылдық 5% мөлшермен несие беру ұсынылды
Halyk Bank және Аграрлық несие корпорациясы жасаған келісім бойынша АӨК субъектілеріне 2020 жылы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге жылдық 5% мөлшермен несие алуға мүмкіндік береді, деп хабарлады Forbs.
Аталған шартқа сәйкес «Кең Дала» бағдарламасы бойынша 24 млрд теңге бөлінеді.
«Валюта курсының өзгеруіне, ставкалардың жоғарылауына және коронавирустық инфекция пандемиясының әсерінен экономикада қалыптасқан күрделі жағдайға қарамастан, отандық ауыл шаруашылығын өндірушілер енді биылғы жылы өте тиімді мөлшерлеме бойынша несие алуға мүмкіндігі бар», ― деп айтты Halyk Bank Басқарма төрағасының орынбасары Дәурен Сартаев.
Оның айтуынша, "Кең Дала" бағдарламасы аясында еліміздің бес аймағынан өтініштер келіп түскен, қалған өңірлер де белсенді түрде қатысып, мүмкіндікті пайдаланады деп күтілуде.
«Аталған жағдайға байланысты біз АКК-ға және банкке алғысымызды білдіреміз. Банк біздің ұсынысымызды қабылдады және қарыз алушылар үшін несиені өтеу кестесін белгіледі. Сонымен қатар кепілдіктің талаптарын қатаң емес етіп жасап отыр. Бұл бізге жылдық маусымды ескере отырып, қарыздарды өтеу бойынша жасалып отырған қолайлы жағдай, сондай-ақ біздің тұрақты аграршыларымызға кепілдемеге зат қою үшін жасалып отырған жақсы мүмкіндік болып табылады»,- деп атап өтті Дәурен Сартаев.
Сонымен қатар, «Кең Дала» бағдарламасының негізгі кемшілігі несие беру мерзімі 12 айдан кем болып тұрғандығы, деп айтты ол. Бұл жағдайға байланысты қазір ауыл шаруашылығы өндірушілері банкке ұсыныс айтуда, олар несиелеу мерзімін 2020 жылдың көктемінен бастап 2021 жылдың көктеміне дейін бір жылға дейін ұзартуды сұрауда. Бұл ауыл шаруашылығы өнімдеріне маусымдық баға конъюнктурасын ескере отырып, берілетін несие қаражатын неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
«Осы жағдайға байланысты қазір біз және АҚҚ осы бағдарлама бойынша несие беру мерзімін бір жылға дейін ұзарту туралы мәселені жан-жақты талқылай бастадық», ― дейді Дәурен Сартаев.
2019 жылдан бері Halyk Bank Аграрлық несие корпорациясымен белсенді ынтымақтастықта жұмыс істей бастады. Аталған банк ірі және әмбебап қаржы мекемесі ретінде елді азық-түлікпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығы саласына да өз мүмкіндігін, күшін қолдана бастады.