22 октября 2020 Қазақстан

Қапшағайда қуаттылығы 15,6 мың тонна өнім болатын КТО салынады

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қапшағай қаласында қуаттылығы 15,6 мың тонна болатын ең ірі көтерме сауда орталығын салу туралы мәселені шешті. Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов облыстық мәслихат депутаттары алдында есеп беру кезінде хабарлады.

«Заманауи инфрақұрылымы бар КТО-да үлкен көлемде өнім жинауға болады, оларды ысырапсыз сақтауға және ішкі нарыққа, сонымен қатар экспортқа шығаруды ұйымдастыруға мүмкіндік береді», - деді А.Баталов.

Әкімнің баспасөз қызметінде атап өткендей, облыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдануда. Биылғы жылы осы мақсаттарға 2 миллиард теңге бөлінді, оның ішінде 1,3 миллиард теңге - бөлшек сауда объектілері мен жергілікті тауар өндірушілерге жеңілдікпен несие беруге және тағы 700 миллион теңге - тұрақтандыру қорын құруға жұмсалады.

Тақырыпқа байланысты оқуҚазақстанда жыл соңына дейін 7 көтерме-тарату орталығы ашылады

Осындай орталдықтың салынуы нәтижесінде облыста 7 мың тоннадан астам азық-түлік тауарлары сатып алынды, 6 кәсіпкерлік субъекті жалпы құны 1,2 млрд.теңге несиені жеңілдікпен алды, бұл сауда желілеріне белгіленген бағамен жеткізуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу мен сатуды қамтамасыз ету және «егіс алқабынан дүкен сөресіне дейін» пилоттық жобасын іске асыру мақсатында  республикалық бюджеттен кәсіпкерлік субъектілеріне 1 млрд. теңге несие жеңілдетілген 0,01% -бен берілді, бұл қаражат 34 сатушы (қант қызылшасы) мен 5 кәсіпкер арасында бөлінді.

Бұған дейін Қазақстанда 2022 жылға қарай 24 көтерме-сату орталығын салу жоспарлап отырғаны хабарланған болатын. Олар өнімді өндірушіден дүкен сөресіне дейін жеткізетін дистрибьюторлық желінің бір бөлігі болады. Сондай-ақ,КТО жеміс-көкөніс өнімдерін ұзақ уақыт сақтау үшін, ЕАЭО елдеріне, Орталық Азия мен Қытайға экспорттық-импорттық операциялар жасауға мүмкіндік береді, бұл сату нарығын кеңейтеді.

Көтерме сату орталықтарының желісі тауарларды тарату жүйесінің негізгі қатысушылары арасындағы дәнекерге айналады және өндірушілерді, бөлшек сатушылар мен жеткізушілерді бір кластерге біріктіреді деп болжануда.

Алғашқы КТО осы жылдың шілде айында Қарағандыда ашылды.