Қазақстанда алдағы үш жылда суармалы жер 2 млн гектарға дейін кеңейтіледі

Қазақстанның бес облысында алдағы үш жылда 500 мың гектарға жуық суармалы жерді қалпына келтіру жоспарлануда. Нәтижесінде Қазақстанда суармалы жерлердің көлемі 2 млн гектарға дейін кеңейтіледі, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Қазақстанның Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев.

Экология министрлігінің ақпараты бойынша, суармалы егін саласы республикадағы негізгі суды тұтынушы болып табылады. Бүгінгі таңда суармалы жерлердің ауданы 1,6 млн га құрайды.

«Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша үш жыл көлемінде суармалы егістікті 2млн. гектарға дейін кеңейту қажет. 2021-2023 жылдар аралығында Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 492 мың гектар суармалы жерді қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылатын болады», - деді М.Мырзағалиев.

Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандағы суармалы жер бойынша ТОП-7 аймақ

Қалпына келтірілген суармалы жерлерді қолданысқа енгізу ауыл шаруашылығында 77 мың тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Бұл сауда және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласында одан әрі мультипликативтік, тиімді нәтиже береді.

Сонымен қатар, Экология министрлігінің болжамы бойынша 2023-2030 жылдар аралығында 1 млн га суармалы жер айналымға енгізіледі. Нәтижесінде жыл сайын 570 млрд теңге болатын ауыл шаруашылығы өніміне қарай қосымша 500 мың жұмыс орны құрылады.

Сондай-ақ, Экология министрлігінің басшысы Қазақстанда су ресурстарын үнемдеу мақсатында бес жыл ішінде суару арналарын цифрландыру жоспарланғанын хабарлады.

«Биылғы жылы К-19 магистралды каналын цифрландыру бойынша алғашқы пилоттық жоба іске асырылды, онда Түркістан облысының Мақтарал ауданында ұзындығы 12 км болатын, суармалы жердің аумағы 3,6 мың гектардан асатын суды есепке алу және бақылау жүйесі орнатылған, онда 328 шаруа қожалығы орналасқан. Бұл жабдықты іске қосу суару режимінің 45% - на дейін судың артық шығынын анықтауға мүмкіндік берді», - деді М.Мырзағалиев.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.