2020 жылы аграршылар минералды тыңайтқышқа 23,3 млрд теңге субсидия алады

2020 жылы облыстардың жергілікті бюджетінен  аграршыларға минералды тыңайтқыш алу үшін 23,3 млрд теңге субсидия қарастырылған, деп хабарлады  ҚР Ауыл шаруашылық министрі Сапархан Омаров. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аграрлық сала  басшысының айтуынша, субсидияға бөлінген қаражат 480 мың тонна минералды тыңайтқыштар сатып алуға жетеді, былтырғы жылмен салыстырғанда  10 мың тоннаға артық.

«2019 жылдың қорытындысы бойынша республика аграрлық шаруашылыққа  470 мың тонна минералды тыңайтқыштар қолданған. Бұл мақсатқа 19 млрд теңге субсидия төленді», — деп атап өтті министр.

Еске сала кетейік, Сапархана Омаровтың мәліметі бойынша, республикада тыңайтқыш аз мөлшерде қолданылуда: қажетті деігейдің  14-18%-ы ғана пайдаланылып отыр.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.