Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
АШМ депутаттың АӨК жайлы айтқан пікірімен келіспеуде
АШМ Мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың ҚР өнімнің 80% -ын импорттап алады деген бағасымен келіспейді. Сондай-ақ, аталған ведомство АӨК мемлекетке тәуелді деген пікіріне жауап берді.
«Сарапшының айтуынша, қазақстандықтар табысының жартысын тамаққа жұмсайды. Біздің нарық 80%-ға дейін импорттық өнімдермен қамтамасыз етілген. Ол шетелдік валютаға сатып алынады, осылайша басқа елдердегі аграрлық секторды дамыту үшін жұмыс істейді», - деді Ирина Смирнова премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған өтінішінде.
Сонымен қатар, ол АӨК субъектілерін қолдау үшін мемлекеттік бюджеттен жыл сайын 350 млрд теңге жұмсалатынын және 66 млрд теңге салық түрінде қазынаға қайтарылатындығын атап айтылды.
«Импортталған ауыл шаруашылық өнімі түріндегі теріс сальдо тіпті $1 млрд жетеді. Демек, ауыл шаруашылығы өзінің үлкен ресурстары болса да мемлекетке тәуелді», - деп көрсетілген бұл сауалда.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұған жауап ретінде депутаттың сұрауында айтарлықтай қателіктер мен дәлелсіз пікірлер бар екенін айтты.
«Біріншіден, мен азаматтарға Қазақстанда импорттық өнімге 80% тәуелділік жоқ деп айтқам келеді. Керісінше, біз барлық негізгі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бойынша 80 және одан да көп пайыз отандық өнімдермен қамтамасыз етіліп отырмыз», - деді Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Султанов.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша тамақ өнімдерінің тек алты түрі ғана 25% -дан 48% -ға дейін импортқа тәуелді болып табылады, олар: құс еті, шұжық, ірімшік және сүзбе, алма, қант және балық. Өндірісті ұлғайту үшін 2021-2023 жылдарға арналған импортты алмастырудың кешенді жоспары жүзеге асырылуда. 3 жыл ішінде 19 құс фабрикасын салу, 9 ет өңдеу кәсіпорнын, жаңа қант зауытын, тауарлық балық өсіру бойынша 8 жобаны іске қосу қолға алынуда. Сондай-ақ 6,6 мың га қарқынды түрде өсетін бақ (негізінен алма) отырғызу жоспарлануда. Сонымен қатар, жыл сайын 35 өндірістік сүт фермасы іске қосылатын болады.
Тақырыпқа байланысты оқу: Субсидия бөлуді ашық және жария түрде жасауды талап етуде
«Шын мәнінде, соңғы 5 жылда ауыл шаруашылық өнімдері импортының теріс сальдосы 45% -ға азайды - $1,1 млрд - $600 млн –ға дейін. Яғни, депутат өзінің сауалында ескірген мәліметтерді мысал келтіріп айтқан болу керек», - деді А.Сұлтанов. Импорт көбінесе экзотикалық тауарлар немесе Қазақстанда өспейтін шикізаттар түрінде келетіндігін ескертті.
Тәуелділік туралы декларацияға қатысты Ауыл шаруашылығы министрлігі бүкіл әлемде ауыл шаруашылығы субсидияланған сала екенін атап өтті. Көрсетілетін мемлекеттік қолдаудың тиімділігі 2020 жылдың аяғында саладағы барлық дерлік макро көрсеткіштердің оң көрсеткішке өсу динамикасымен расталады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 5,6% өсіп, 6,3 трлн теңгені құрады. Сонымен бірге тамақ өндірісі 4% өсті.
«Яғни, 350 млрд теңге субсидия бере отырып, біз 6,3 трлн теңгенің өнімін аламыз. Бұл жерде біз ауыл шаруашылығындағы салық мөлшеріне емес, жалпы халыққа және бүкіл елге тиімділікті қарастыруымыз керек», - деп атап өтті Азат Сұлтанов.
Ол сонымен қатар ауыл шаруашылығына негізгі капиталға инвестиция салу қазіргі уақытта 15% -ға, азық-түлік өндірісіне - 13,5% -ға артқанын айтты. Нәтижесінде агроөнеркәсіптік кешенге салынатын инвестиция көлемі 677,2 млрд теңгені құрап, жоспарланған көрсеткіштен 154,2 млрд теңгеге артты.