Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
ҚТЖ Қытайға тауар тасымалдауға тыйым салды
«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы Индустрия министрлігіне қарасты салалардың қауымдастықтарымен және экспорттаушыларымен кездесу барысында Қытайға Достық станциясы арқылы жүк қабылдауға тыйым салуды қайта енгізілгендігін жариялады. Бұл туралы «ҚТЖ -Жүк тасымалы» компаниясынан хабарлады.
«5-15 сәуір аралығында Достық станциясы бағытында, одан әрі ҚХР-ға контейнерлерден басқа барлық тауарларды тасымалдауға уақытша тыйым салынды. Бұл шешімнің басты себебі ҚХР тарапы пойыздарды уақытында қабылдамауында болып отыр. Бұл шара вагондардың санын азайту және вагондардың халықаралық бекеттерде тұрып қалмауын ұйымдастыру мақсатында енгізіліп отыр», - деп хабарлады компания өкілдері.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта ҚХР бағытында 140-тан астам пойыздың қозғалысы уақытша тоқтатылды деп хабарланды. Азық-түлік жүктері бар 1 900 жабық вагон 4 айдан астам уақыттан бері тоқтап күтіп тұр.
«ҚТЖ-Жүк тасымалында» атап айтқандай, бизнес қауымдастық аталған уақытша тыйым салуды қолдайды.
Тақырыпқа байланысты оқу: Фермерлер маусымды күтуде
Бұған дейін «ҚТЖ-Жүк тасымалы» жүк жөнелтушілерге 1 сәуірден бастап ҚХР-ға жіберілген барлық азық-түлік тиелген жабық вагондардың кері қайтарыла бастайтынын хабарлаған. Бұл мәжбүрлі шара, аталған талап «Қытай теміржолының тауарларды қабылдамауымен» байланысты болды. Бұл жағдай 2020 жылдың қараша айынан бері созылып келеді. Ұзақ уақыттан бері вагондардың жиналуы теміржол инфрақұрылымына жүктемені арттырып, өнімдердің бұзылуына әкеліп соғады деп жеткізушілер шағымдана бастады.
Наурыз айында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» компаниясы салалық қауымдастықтардың өтініші бойынша Достық станциясы бағытында және одан әрі ҚХР-ға жүк тасымалдауға тыйым салған болатын.