Ауыл шаруашылығы министрлігі депутаттың Қазақстанды Литвамен салыстырған пікіріне жауап берді

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова өткен сәрсенбі күні премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа аграрлық саланы қолдаудың төмен жағдайда екендігін айтып өтініш білдірді. Оның айтуынша, Қазақстан импорттық өнімге қатты тәуелді және бидай экспорты бойынша Литва республикасын басып озғалы тұр. Айта кетерлік жағдай, Литва аумағы Қазақстан Республикасымен салыстырғанда 41 есе кіші.

«Ауыл шаруашылық саласын дамытуға қомақты қаражат бөлінгеніне қарамастан, бидайдың орташа өнімділігі әр гектардан 12 центнерден аспайды, айта кетерлік жағдай ауа –райы біздің елге ұқсас Ресей мен Канадада бұл көрсеткіштер 2-3 есе жоғары. Литва жақында бидайды өндіруші және экспорттаушы ретінде Қазақстанды басып озуы мүмкін: Қазақстан әлемде 10-шы орында, ал Литва 12-ші орында тұр», - деді өз сауалында депутат.

Ол технологиялық артта қалушылық пен кадрлардың жетіспеушілігі аталған салада басты қиындық болып тұрғанын айтты. Сонымен бірге, оның айтуынша, «бұл мәселеде Ауыл шаруашылығы министрлігінің мемлекеттік бюджет есебінен жасап жатқан ерлік істері ешқандай да нәтиже бермей отыр».

Тақырыпқа байланысты оқуНе себепті Қазақстан жыл сайын астықтың 25%-ын ысырап етуде?

Депутаттың айтқан сын пікіріне АШМ-де жедел түрде брифинг өткізіліп, жауап берілді. Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Азат Сұлтановтың айтуынша, Ирина Смирнова өзінің сауалында көптеген дәлсіз деректерді айтқан және қате салыстырулар жасаған, әсіресе Қазақстан мен Литваның экспорттық мүмкіндіктеріне қатысты сөзі себепсіз.

«Бізде жыл сайын орта есеппен 20 млн тонна дәнді және бұршақ дақылдары өндіріледі. Ішкі нарықта тұтыну үшін, оның ішінде ұн өндірісіне бізге 10-11 млн қажет, тасымалдауды ескере отырып, біз жыл сайын 7-8 млн тонна бидай экспорттай аламыз. Литваның экспорты орта есеппен 3 млн. Алайда қандай да бір себептермен Қазақстанның экспорттық нарықтары Орталық Азия мен Ауғанстан, ал Литва бүкіл әлемге экспорттайтыны жайлы айтылмаған. Екі елдің айырмашылығы - Қазақстанда теңізге шығатын мүмкіндік жоқ Landlocked country, ал Литвада Клайпеда порты бар. Бірақ біз сонда да ұн сататын көшбасшы елдердің қатарындамыз», - деді А.Сұлтанов.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Литва жер ресурстарының шектеулі екендігін ескере отырып бидайды өндіруді 3 есеге арттырады және Қазақстанды басып озады деп айту дұрыс емес.

Сонымен бірге, департамент ауыл шаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыру бойынша одан әрі шаралар қабылдау қажеттілігімен келіседі.

«Астық саласындағы кіріс орташа есеппен төмен екендігі рас. Бізге осы бағытта жұмыс істеу керек, минералды тыңайтқыштар қолдану, сапалы тұқым сатып алу, заманауи агротехнологияларды енгізу керек. Алайда, бізде де дәнді-дақылдар егетін аудандарда озық агротехнологияларды пайдалану арқылы әр гектардан 25-30 ц / га тұрақты  түрде өнім алатын шаруа қожалықтары да бар», - деді Азат Сұлтанов.

 

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.