Тоқаев ЕАЭО елдеріне АӨК өнімдерінің экспортын арттыруды ұсынды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ЕАЭО елдеріне ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, күш біріктіруді, сондай-ақ өзара сауда үшін жаңа логистикалық желілерді құруды ұсынды. Бұл туралы ол бүгін Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында сөйлей отырып былай мәлімдеді.

«Мен ауылшаруашылық өнімдерін үшінші елдердің нарықтарына экспорттауды арттыру бойынша күш-жігерді біріктіру қажет деп санаймын. Комиссияға осы бағыттар бойынша егжей-тегжейлі және нақты ұсыныстар дайындауды тапсырған жөн деп ойлаймын», - деді ҚР Президенті.

Ол Суэц каналындағы наурыз оқиғасы сауда жолдарының әлсіздігін және олардың әлемдік саудаға әсерін айқын көрсеткенін ескертті. Бұл оқиға жердегі маршруттардың маңыздылығын растады. Еуразия елдері өздерінің транзиттік әлеуетін толығымен іске асыруы керектігін еске салды. Көлік артерияларының трансшекаралық учаскелерін жаңғырту жөніндегі жұмысты тағы да жеделдетуді ұсынатындығын жеткізді. Атап айтқанда, Еуразиялық экономикалық одақтың барлық аумағында Батыс Еуропа - Батыс Қытай автомагистралін қайта жаңартуды аяқтау қажеттігін айтты.

Қазақстан басшысының мәлімдемесі бойынша,Одақ шеңберінде сауда-логистикалық және көтерме сатылым орталықтарының жүйесін құру үлкен маңызға ие болып отыр. Бұл көрші елдердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, агроөнеркәсіптік сектордың әлеуетін қолдауға, шығындарды азайтуға және негізгі өнімдердің бағаларын төмендетуге мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жан-жақты серіктестіктің мысалы ретінде Президент Өзбекстанмен бірлескен жобаны келтірді.

«Осыған орай Өзбекстанмен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық жобасын мысалға айтуға болады. Сондай-ақ Одақ аясында сауда-логистикалық және көтерме-тарату орталықтарының жүйесін құрудың маңызы артып отыр. Мұндай жүйе мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, агроөнеркәсіп секторының әлеуетін қолдауға, шығындарды азайтуға, сәйкесінше, негізгі азық-түліктердің бағасын төмендетуге мүмкіндік береді» -деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тақырыпқа байланысты оқу: ЕАЭО астық саудасының халықаралық жүйесін құруды жоспарлауда

Мемлекет басшысы өз сөзінде БҰҰ-ның мәліметіне жүгінді. Президенттің айтуынша, 2020 жылдың қорытындысына сәйкес азық-түлік тауарларының әлемдік бағасы соңғы үш жылда ең жоғары деңгейге жеткен. 2030 жылға қарай азық-түлікке деген сұраныс 35% асады деп болжануда.

«Одаққа мүше әрбір елдің азық-түлік тауарларын өндіру көлемін арттыруға әлеуеті жетеді. Сонымен қатар ішкі нарықты қорғау жөніндегі шектеу шаралары агроөнеркәсіп кешенінің дамуын тежеп, азық-түлік тапшылығына әкеп соқтыруы мүмкін. Әрине, кейбір жекелеген жағдайларда олардың уақытша қолданылуы мүмкін. Дегенмен мұндай шектеулердің біздің Одаққа мүше елдерге қатысы болмауы тиіс деп санаймын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президеттің хабарламасы бойынша, Одақ елдерінің алдында агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салуды ұлғайту, ауылшаруашылық және азық-түлік нарығын бірлесіп құру міндеті тұр.

«Озық және инновациялық технологияларды енгізу, жоғары құнды өнімдер өндірісін арттыру үшін біздің агро-ғылыми мекемелердің өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуін күшейту қажет», - деп қорытындылады сөзін ел президенті.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.