Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
KazBeef сиыр етін Дубайға экспорттай бастады
Kusto Group холдингінің құрамына кіретін KazBeef клмпаниясы 2021 жылдың ақпанында Gulfood атты тамақ көрмесіне қатысты. Бұл форум бүкіл Парсы шығанағы мен Таяу Шығыс нарығына қол жеткізуге мүмкіндік беретін ең ірі іс-шаралардың бірі. Осы жағдайдан кейін Қазақстандық компания Дубайға сиыр етінің алғашқы партиясын өткен демалыс күндері жіберді, ал сатып алушы 1,2 тонна етке тапсырыс берді.
Тақырыпқа байланысты оқу: KazBeef компаниясы Gulfood-2021 форумында Қазақстан атынан шығады
Аталған көрмеге қатысқандығы туралы ElDala.kz порталына KazBeef компаниясының бас директоры Бейбіт Ерубаев және KazBeef Processing ет комбинатының директоры Азамат Орумбаев айтып берді.
Нақты артықшылықтар
Бұл Gulfood көрмесі арқылы БАӘ елдері Қазақстанның жоғары сапалы сиыр етіне тапсырыс берді. Жоғары сапалы ет өндірушілер аз, сондықтан нарық әрқашан ет шығаратын компанияларды қажет етеді. Сатып алушылар үнемі жаңа өндірушілерді іздестіреді. Қазақстанның шығыс нарығындағы артықшылығының бірі - біз жоғары сапалы сиыр етін өндіретін мықты мұсылмандық дәстүр сақталған елдердің біріміз. Әрине, барлық KazBeef өнімдері халал сертификатына ие. Сондай-ақ, өнімдер FSSC 22000 және NAMP халықаралық стандарттарына сәйкес өндіріледі.
- БАӘ нарығы өте қызықты және бәсеке жоғары, - деді Бейбіт Ерубаев. «Онда әлемнің көптеген брендтері өз өнімдерін ұсынады, Аргентинадан бастап Пәкістанға дейін ет әкеледі. Бұл елде жоғары сапалы етті сатып алушылар да, сапасыз арзан ет алушылар да бар. Төмен сапалы ет Бразилия, Аргентина, Пәкістан, Үндістан сияқты елдерден келеді. Ал жақсы сапалы ет өндірушілердің саны аз, олар: Австралия, Жаңа Зеландия, Канада және АҚШ. Біз өз өнімдерімізді жоғары сапалы ет сегментінде ұсындық.
Егер осы нарықтың қазіргі өндірушілері туралы айтатын болсақ (Австралия, Жаңа Зеландия, Канада, АҚШ), онда олардың сиыр етінің құны өте жоғары. Өйткені, оларда еңбек күші де, жер де қымбат. Солтүстік Америкада әр бұзаудың өзіндік құнында 40-60% -ы жердің бағасы болады. Бұл қалай анықталады? Жер салығы оның құнының 3-4% құрайды. Қазіргі кезде АҚШ-тағы жердің нарықтық құны жайылымға келгенде гектарына от $3 мыңнан $12 мыңға дейін жетеді. Егер есептеп айтар болсақ, 12 мыңның 3% -ы, бұл әр гектардан $100- $350 болады. Шығын өте көп.
Ал Қазақстанда мұндай үлкен шығын жоқ.
Тақырыпқа байланысты оқу: ТҚазақстандағы ет өндіретін ТОП-7 компания
-Біздің елде мал ұстауға жұмсалатын шығындар соншылықты көп емес, бұл біз үшін жоғары сапалы сиыр еті өндірісінің бағасын арзан етуге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді Бейбіт Ерубаев. Мұнда біз қолданатын технологияларды жақсартуымыз керек. Әлемде осы стандарттардың барлығы бар, нарық оларды басшылыққа алып жұмыс істейді және біз өздігімізден басқа бір нәрсе ойлап таба алмаймыз.
Шынында да, мал шаруашылығындағы еңбек өнімділігі тұрғысынан шетелдік көшбасшылар өте күшті. Бірақ KazBeef сияқты озық компаниялар өте тез дамып келеді. Еркін Тәтішев басқаратын Кusto тобының инвестициялары арқасында KazBeef өндірісті жаңа деңгейге көтеріп, барлық сегменттерді - жем өндіруден ет өңдеу зауытына дейін модернизациялады.
Премиум-сегмент
Біз 2020 жылы мал бордақылау орындарында Feedlot health management технологиясын енгізгенімізді мақтан тұтамыз. Бұл ветеринарлық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, сонымен қатар барлық процестерді басқарудың солтүстікамерикалық стандарты болып табылады.
-Біз сыртқы нарыққа шыққан кезде олар бізді жоғары бағалап, мәрмәр сиыр етінің барлық әлемдік стандарттарға сәйкес өндірілетіндігін көреді», - деп түсіндірді Бейбіт Ерубаев. - Біздің компанияда Feedlot health management технологиясының қолжетімді болуы - біздің тұтынушыларымыздың бізге деген сенімін арттыруға көмектеседі. Олар оның дәмін татып көреді, оның сапасын көреді. Ет - бұл белгілі брендке тәуелді өнім емес. Бұқалардың тұқымы да соншалықты рөл атқармайды, бәрі адамның талғамына байланысты. Егер ет дәмдіболса,сатып алады, ал дәмсіз болса, алмайды. Басқа еш нәрсе маңызды емес, мұнда етті өніретін ел де, тұқым да әсер етпейді. Ия, кейбір жағдайда ондайда болады, мысалы, Angus бренді бар. Бірақ дәмі бойынша ол қазақтың ақ бас немесе қалмақ малынан еш айырмашылығы жоқ.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанда ет тапшылығы 200 мың тоннадан асады
БАӘ мен бүкіл шығыс аймақ нарығының бәсекеге қабілетті болуы бағаның маңыздылығын анықтайды. Сатып алушы жеткізушіні таңдағанда, еттің бір килограмм құны үшін $ 1 - $ 2 артық болса да бұл маңызды болып табылады. Әсіресе, қазір пандемия кезінде халық әрбір тиынға назар аударады. Егер белгілі бір ел өздерінің сапалы өнімдерін арзан бағаға ұсына алса, онда ол ет сатылатын болады.
-Жалпы, менің ойымша, Қазақстанның арзан ет өндіру үшін мал шаруашылығын дамытатын өзіндік саясатын құрудың қажеті жоқ», - деді Бейбіт Ерубаев. «Біз ешқашан сиыр етін Бразилиядан арзан сата алмаймыз. Себебі бізде біріншіден, территорияның көп бөлігінде алты ай қыс болады. Сондықтан да жыл бойы малды жайылымда ұстау мүмкін емес. Қыс мезгілінде малды жаямыз десек, малдың бәрі суықтан қырылады. Бұл жағдайды-ауа-райын мойындауымыз керек. Сондықтан, экспорт туралы ойлаған кезде бізге премиум сегментті жоспарлау қажет. Ішкі нарықты қанықтыру үшін ет импортына қойылатын барлық квоталарды алып тастап, сиыр етін сол Бразилиядан немесе Аргентинадан кез-келген мөлшерде әкелуге рұқсат беру керек. Біз үшін ең тиімді әдіс - қымбат тұратын жоғары сапалы сиыр етін өндіру болып табылады.
Ет бағасы
Gulfood көрмесінде Қазақстанның жоғары сапалы сиыр етіне қызығушылар көп болды. Алайда мәселе - еліміз қазір қанша көлемде етті экспорттай алады. Әрине, біздің өндірушілер Австралия немесе Канада сияқты мөлшерді ұсына алмайды. Сондықтан тұтынушыларға өнімді ұсынарда ойлануға мәжбүр.
Тақырыпқа байланысты оқу: Как KazBeef экономиканың «үздіксіз қозғалтқышын» жасауда
KazBeef барлық қызығушылық танытқан тұтынушылардың ішінен Дубайды таңдады, олардың өкілдіктері әр түрлі елдерде орналасқан, соның ішінде Еуропада бір компаниясы жұмыс істейді. Бұл HoReCa сегментінде жұмыс істейтін, қонақ үйлер мен мейрамханаларға ет жеткізетін дистрибьюторлық компания. Олар кез-келген мөлшерде ет алуға дайын, алайда бұл жерде тек шектейтін фактор - бұл KazBeef-тің мүмкіншілігі қандай. Биыл компания олар үшін шамамен 7-8 мың бұқа союды жоспарлап отыр.
-Осылайша, біз мүлдем жаңа деңгейге шыққанымызды түсінуіміз керек, - деп айтты Бейбіт Ерубаев. - Біз тек жартылай фабрикаттар,вакуумдық орамға салынған ет шығарамыз. Бұл жартылай өнімдер тұтас малдың етін сату емес. Бұл стейктер жасау үшін қолданылатын кесек ет. Біздің тұтынушымыз бұл жоғары сапалы ет үшін ақша төлеуге дайын. Біз ең қымбат қонақ үйлер мен мейрамханаларда біздің өнімді жегендерін қалаймыз. Біз бұл үшін барлық мүмкіндікті жасадық. Біздің инфрақұрылымға салынған инвестиция өте үлкен болды, енді біз осы еңбектің жемісін көреміз деген ойдамыз.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстанға Tyson Foods ет комбинаты не үшін қажет
Ет бағасы жайлы айтар болсақ, егер Бразилиядан келетін арзан сиыр етінің бір килограмы $ 3,6 болса (Дубайға жеткізгенде), онда премиум-сегментте килограммының бағасы $ 15 құрайды.
Ашық нарық
БАӘ нарығына шығумен қатар, KazBeef компаниясы қазақстандық етті Өзбекстанға өткізуге қол жеткізе алды. Естеріңізге сала кетейік, бұл ел 2018 жылы мал ауруларының өршуіне байланысты өткен жылы Ақмола облысы мен Шымкенттен ет жеткізуге тыйым салған болатын. Ал 2021 жылдың көктемінде экспортқа қайтадан рұқсат берді.
Тақырыпқа байланысты оқу: Өзбекстан Қазақстаннан әкелінетін етке салынған шектеулерді алып тастады
-Біз бұл нарықты ашу үшін қолдан келгеннің бәрін жасадық, - деді Азамат Орумбаев. - Біріншіден, біз Ветеринария комитетіне Өзбекстанға ет шығаруға неге тыйым салынғанын сұрап хат жаздық, себебі біздің елде эпизоотикалық жағдай қолайлы. Ветеринария комитеті бізге жедел түрде жауап беріп, шекараны жабуға ешқандай негіз жоқ екенін хабарлады. Біз бұл хатты Өзбекстанға, олардың құзыретті органына жібердік. Екі-үш күннен кейін біз салынған шектеулердің алынып тасталғаны туралы бұйрықтың көшірмесін алдық.
Бұған дейін KazBeef Өзбекстанға өз өнімдерін ресми түрде шығарған емес. Бірақ бұл елдің компаниялары біздің өнімдерімізді біледі, сондықтан да біз шағын партияларды ол жаққа сынақ үшін жібердік.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қазақстандық ет Өзбекстанға әкетіліп жатыр
Сәуір айының басында алғаш рет ет жіберілді. Еттің мөлшері көп емес, 1,3 тонна.
-Біз премиум-кесімдер жасастық- деп түсіндірді Азамат Орумбаев. - Біз өзбек нарығында HoReCa сегментіне ет жеткізетін боламыз, ішінара бөлшек саудаға да шығарамыз, өйткені біздің премиум өнімдерге сұраныс бар. Әлемдік деңгейдегі премиум ет бағалары БАӘ-мен бірдей. Жалпы, бізді қызықтыратын Өзбекстандағы нарық Қазақстандікінен кем емес. Ол елде де бес жұлдызды қонақ үйлер мен стейк-мейрамханалар ашылуда, сұраныс жоғары. Біз ұзақ мерзімді ынтымақтастық жасаймыз деп күтеміз, болашақта тапсырыс көп болады деген ойдамыз және барлығы біздің дистрибьюторымыздың етті қаншалықты сата алатындығына байланысты болады.