2021 жылы суармалы жер көлемі 66 мың гектарға ұлғаяды
Қазақстанда пайдаланылатын суармалы жердің мөлшері жыл сайын ұлғаюда. Алдын ала жасалған мәліметтер бойынша, биыл 1,5 млн гектар жерді пайдалану жоспарланып отыр, бұл 2020 жылға қарағанда 66 мың гектарға артық. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Түркістан облысында Парламент Сенатының Аграрлық мәселелер бойынша Табиғатты пайдалану және ауылдық аймақтарды дамыту комитетінің көшпелі отырысы болып өтті. Оған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Руслан Манатаев қатысты. Ол суармалы жерлердің көп бөлігі Түркістан облысында екендігін жеткізді, сондықтан да аталған өңірде алқапты 633 мың гектарға дейін ұлғайту жоспарланып отырғанын айтты.
Мемлекет басшысының 2030 жылға дейін суармалы жер көлемін 3 млн гектарға жеткізу туралы тапсырмасын ескере отырып, Ауыл шаруашылығы министрлігі суды көп қажет ететін және ауылшаруашылық дақылдарының егістігін әртараптандыру бойынша жұмыс жүргізу керектігін ескертті. Сондай –ақ баламалы дақылдар - көкөніс пен бақша дақылдары, жемшөп, майлы дақылдардың алқабы да ұлғаюда.
Тақырыпқа байланысты оқу: АӨК мәселесіне Ұлттық жобада бір бөлім арналады
«Биылғы жылы Түркістан облысында жоспарланған мақта көлемі 116 мың га, күріш - 97,6 мың га. Бұл 2020 жылғы деңгейден 10 және 6,4 мыңға аз. Қызылорда облысында мақта алқаптарын 90 мың гектарға, күрішті 75 мың гектарға дейін қысқарту жоспарланып отыр», - деді Руслан Манатаев.
Сонымен қатар, ол суармалы жерлердің жалпы көлемінің тек 14% (200 мың га жуық) заманауи тамшылатып немесе жаңбырлатып суару қолданылатындығын жеткізді. Қалған 1,3 млн гектар жер жаппай су басу үлгісімен суарылатындығын айтты.
Ақмола, Қарағанды және Павлодар облыстарының фермерлері ылғал үнемдеу технологияларын табысты түрде қолдануда.
Сондай-ақ, Руслан Манатаев 2022-2026 жылдарға арналған АӨК-ті дамытудың ұлттық жобасы аясында 420 мың гектар ауылшаруашылық жерлерінде су үнемдеу технологияларын қолдану үшін индикатор ұсынылғанын хабарлады.
Жақын арада суды үнемдейтін технологиялар Қазақстанның АӨК-те кең таралады деген үміттеміз. Қаңтарда Valmont Industries және Kusto Group Қазақстан үкіметінің қолдауымен Valley суландыру жүйесін шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойды. Қазақстандағы бұл зауыт жылына кем дегенде 1000 Valley қондырғысын шығаруды жоспарлаған