01 апреля 2020 Қазақстан

Қарағанды облысы 2020 жылы жаздық бидайға арналған егіс алқаптарын 50 мың гектарға дейін кеңейтеді

Қарағанды облысы аграршылары 2020 жылы  жаздық бидайға арналған егіс алқаптарын 1 млн гектарға егеді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 50 мың гектарға артық.

Облыс ауыл шаруашылық басқармасының ақпараты  бойынша, астық және бұршақ дақылдары  895,5 мың. га, майлы дақылдар- 28,1 мың га, мал азығы -64,5 мың. га жерге отырғызу жоспарланған. Ал картоп отырғызылатын алқап көлемі- 10,6 мың га. 

Тақырыпты оқу: Қиын қыстау кездегі ақпарат тәрізді: Қазақстан аграршылары дағдарыс жағдайына дайындалуда

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін қарағандылық фермерлер  96 мың. т дәнді дақылдардың ұрығын сепкен (оның ішінде -6,9 мың. т, алқашқы өнім үшін- 28,1 мың. т) және картоп  27 мың т.  Алдын- ала жасалған сараптамалар бойынша бұл себілген тұқымдардың сапасы жақсы.

 «Республикалық бюджет есебінен шегірткеге қарсы 18,8 мың га гектар алаңдағы дәнді дақылдар, астық ауруына қарсы 53,4 мың га, сұр бидай көбелегіне қарсы - 61,6 мың га жерге аурудың алдын алу шаралары жүргізілді», ― деп хабарлады Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Сағынжан Апакашов.

Оның айтуы бойынша, көктемгі егіс жұмыстарына 10 мың трактор, 193 егін егу кешендері, 6 мың тұқым себу құралдары жүмыс барысында қолданылатын болады. Қазіргі кезде бұл техникаларды алдағы жұмысқа дайындауда. Техникалар мен құралдарды дайындау мөлшері, трактор- 96%, тұқым себу құралдары- 98% және егін егу кешендері- 100%.

Еске сала кетейік, республиканың оңтүстік аудандары егін егу жұмысына наурыз айының ортасынан бастаған еді.