Жамбыл облысындағы шаруашылық 1 мың гектар алқапқа Valley суару жүйесін орнатады
Жамбыл облысындағы Qyzylsha Zher компаниясы 1 мың га алқапты суару үшін Valley жаңа суару технологияларын орнатады. Бұл туралы Valmont Irrigation компаниясы хабарлады.
Qyzylsha Zher мәліметінше, олар аймақтағы қант қызылшасын өндіретін ең ірі компания болып табылады. Шаруашылық Шу өңірінде орналасқан «Тараз» химиялық паркі» экономикалық аумағында салынатын қант зауытына жылына 500 мың тоннаға дейін қант қызылшасын жеткізуді жоспарлап отыр. Мұнда қант қызылшасын өңдеу үшін зауытқа жылына 1 млн тоннаға дейін қызылша қажет.
Қант қызылшасының шығынын азайту үшін, сондай-ақ егістегі суармалы дақылдардың өнімділігін арттыру үшін шаруашылық американдық Valley Irrigation компаниясының тәжірибесіне жүгінді.
Сонымен қатар, Qyzylsha Zher компаниясында Valley 25 жаңбырлатып суаратын құрылғы жұмыс істеуде. Заманауи суару машиналары мен Valley технологиялары арқылы ылғалды көп қажет ететін дақылдар - қызылша, картоп және жүгері 1 000 гектардан астам жерде өсірілетін болады.
«Qyzylsha Zher шаруа қожалығында ылғал үнемдеу технологияларын қолдану қант қызылшасының өнімділігін 100% дейін арттырады, сонымен қатар жүгері мен картоп сияқты басқа дақылдардың өнімділігін де арттырады деп күтілуде. Qyzylsha Zher кәсіпорнының егіс алқаптарында ұзындығы 245-тен 400 метрге дейін, жететін және әрқайсысы 19-дан 53 гектарға дейін созылатын суару машиналары орнатылған. Екі жаңбырлатқыш машина осы алқапқа арналып құрастырылған - олар егістіктің ерекшеліктерін ескере отырып жасалған (кедергілер ескерілген) және тек егістіктің суармалы бөлігінде орнатылған. Бұл жаңбырлатқыш жүйе үшін қосымша ресурстар жұмсамай ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді». - деді Valmont Irrigation компаниясы.
Тақырыпқа байланысты оқу: Заманауи суару жүйесі агробизнес тиімділігін бес есе арттырады
Valley суару жүйесі әр алқаптың ерекшелігін ескеріп, заманауи технологиямен, ресурстарды ұтымды пайдаланумен және экономикалық тиімділікті арттыру арқылы жасалады.
Атап айтқанда, ICON жұйесінің заманауи басқару панельдері қондырғылары жұмыс барысын компьютерден, сондай-ақ жолда смартфоннан немесе планшеттен қашықтықтан басқаруға мүмкіндік береді. Фермерлер нақты уақыт режимінде егістік алқаптарын бақылай алады, бұл оларға төтенше жағдайларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.
Valley Irrigation компаниясы 1954 жылы аталған индустрияның негізін қалады және бүгінде сату, қызмет көрсету, сапалы құралдар және инновациялар саласында көшбасшы болып табылады. 250 000-нан астам айналмалы, жаңбырлатқыш құрылғыларды сатумен айналысатын Valmont компаниясы әлемде жыл сайын шамамен 25 млн акр (10 млн гектар) жерді суарады.
Еске салып айтсақ, ағымдағы жылдың басында Valmont Industries және Kusto Group ҚР Үкіметінің қолдауымен, алқаптарды суару жүйелерін шығаратын зауыт салу туралы келісімге қол қойды. Аталған қазақстандық зауыт жылына кем дегенде 1000 Valley қондырғысын шығаруды жоспарлаған.