Өндірушілер Алматы сауда желілеріне азық-түлікті тікелей сататын болады

Алматы мен Алматы облысының әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін үздіксіз жеткізу туралы өзара ынтымақтастық меморандумға қол қойды. Бұл туралы қала әкімдігінен хабарлады.

«Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, алғаш рет Алматы облысының тауар өндірушілерінен азық-түлік өнімдерін тікелей жеткізу жайлы келісімге қол жеткізілді. Енді фермерлер Алматы қаласына көкөніс, қант, сүт өнімдері, құс еті, жұмыртқа, макарон өнімдері мен басқа да азық-түлік тауарларын тікелей жеткізетін болады. Сонымен қатар, бұдан кейін өндірушілер қаланың сауда желілері мен базарларына ортадағы делдалсыз тікелей сауда жасайтын болады. Біз сондай - ақ белгілі бағаларға сәйкес өнімдерді жеткізетіндіктерін және өнім бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеу керектігі туралы келістік», - деп хабарлады Алматы әкімінің орынбасары Мақсат Кикимов.

Тақырыпқа байланысты оқу: Депутат базардағы алып сату тәсілін жолға қою керектігін айтуда

Көшпелі кеңес барысында Алматы және облыс әкімдіктерінің, екі ӘКК пен тауар өндірушілердің қатысуымен делегация Азық - түлік өнімдерін өндіру зауыттарында- «Маревен Фуд Тянь-Шань»,  «Ақсу Қант»«Көксу қант зауыты ЖШС,  «Ақ Құс» құс фабрикасы,  («Когер ЛТД»ЖШС), пияз және картоп өсіру бойынша «Үштөбе» ШҚ, «Насдана» ШҚ,  «Баймұрат» шаруа қожалықтары болды.

Сонымен қатар, JLC компаниясы Алматыға сүт және сүт өнімдерін тікелей жеткізу туралы келісімшарт жасады.

Бүгінгі таңда JLC-тәулігіне 80 тоннаға дейін сүт өндіріп, сүт саласының ірі қайта өңдеу кәсіпорны болуда, оның 75% - ы Алматыға жіберіледі. Өндірушінің Алматы бойынша 174 нүктесі және Талдықорғанда 18 меншікті дүкендері жұмыс істеуде, компанияның осындай дистрибьюторлық желісі бар. 2020 жылы компания дистрибьюторлық желі үшін 11 720 тонна өнім жеткізді, 2021 жылдың 5 айында өнімдерді сату 13,4% - ға артты және қазірдің өзінде 13 535 тонна болып отыр.

Жалпы, Алматы қаласында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін азық-түлік тауарларының 15 түрін төмендетілген бағамен сатып алу және сату үшін «Магнум» және «Тоймарт» ірі сауда желілеріне жеңілдетілген қарыздар берілді. Бұл сауда орындарына «Ақсай» НБК» ЖШС-дан нан, «Union Products» ЖШС - сиыр еті мен тауық етін, «Асыл Meat» ЖШС - сиыр етін әкелуде. Сонымен қатар, бекітілген баға бойынша 3,5 мың тонна қант  «Ақсу Қант» ЖШС-дан «Магнум» сауда желісіне жеткізілуде. 3 жыл мерзімге белгіленген шекті бағамен 49,6 млн жұмыртқа жеткізуді жүзеге асыру үшін «Алсад» ЖШС-ға айналымға қарыз беру мәселесі қарастырылуда.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.