АШМ қарақұмық экспортына лицензия беру ережесін дайындады
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі «Ашық НҚА» порталында ҚР аумағынан үшінші елдерге қарақұмық экспорттауға лицензия беру талаптарын бекіту туралы бұйрықтың жобасын жүктелді. Мәселе Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2021 жылғы 15 маусымдағы шешімімен квота берілетін ЕЭА шегінен тыс қарақұмық экспорты туралы болып отыр.
Естеріңізге сала кетейік, аталған шешіммен Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресейден қарақұмық экспорттауға нөлдік квота белгіленеді, ал Қазақстаннан 4,2 мың. тонна экспорттауға рұқсат етілген.
АШМ әзірлеген ережелерге сәйкес ҚР аумағынан басқа елдерге қарақұмық экспорттауға лицензияны уәкілетті орган (АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық бөлімшелері) 2021 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда) береді. Өтініш берушінің орналасқан жері бойынша бюджетке лицензия беру кезінде 10 айлық есептік көрсеткіш (29 170 теңге) мөлшерінде лицензиялық алым төленеді. Лицензия өтініш берілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде беріледі.
Лицензия берілмейтін жағдайлар:
- өтініш берушінің лицензия алу үшін ұсынған құжаттарында толық емес немесе дұрыс емес мәліметтердің болуы;
- тауарлардың экспортына және (немесе) импортына лицензиялар және рұқсаттар беру қағидаларының 10, 11 және 12-тармақтарында көзделген талаптарды сақтамау;
- лицензия беру үшін негіз болып табылатын бір немесе бірнеше құжаттардың қолданылуының тоқтауы немесе уақытша тоқтап тұруы;
- іске асыру үшін лицензия сұратылатын шартты (келісімшартты) орындау салдарынан туындауы мүмкін мүше мемлекеттердің халықаралық міндеттемелерін бұзу;
- квотаның бітуі;
- «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабы 1-тармағының 1 тармақшасына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы үшін қызмет түрімен айналысуға тыйым салынады;
- лицензиялық алым төленбеген;
- көрсетілетін қызметті алатын адамға қатысты лицензиялауға жататын қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы;
- сот орындаушысының ұсынысы бойынша, борышкерге лицензия беруге уақытша тыйым салынуы.
Тақырыпқа байланысты оқу: Қарақұмық өңдеушілер шикізат тапшылығына шағымдануда
Лицензия беруді уәкілетті орган квота таусылғанға дейін өтініш беру кезегі бойынша жүргізеді.
Қарақұмық экспортына берілген лицензиялар туралы ақпарат апта сайын ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында жүктеліп, жарияланатын болады.