Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры Еңбек бағдарламасы бойынша 36 млрд теңге несие береді
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының еншілес «ҚазАгро» холдингі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» бағдарламасы бойынша жеңілдікпен 36 млрд теңге несие беруді жоспарлап отыр. Бұл ақпаратты Kaital.kz қорының баспасөз қызметі хабарлады.
«Аталған бағдарламаға ауыл шаруашылығымен және ауыл шаруашылығына жатпайтын кәсіп түрлерімен айналысқысы келетіндер немесе кәсібін кеңейтуді жоспарлаған азаматтар қатыса алады. Несие алушыларға қойылатын бірқатар талаптар бар. Атап айтқанда, кәсібін енді бастайтын азаматтың кәсіпкерлік негіздерін оқығаны туралы сертификаты болуы тиіс. Сонымен қатар насие алудағы тарихы, несиені қамтамасыз ету үшін кепіл мүлкі және бюджеттік және қаржы ұйымдарына мерзімі өткен берешегі жоқ болуы тиіс» — деп айтылды хабарламада.
Аталған бағдарлама бойынша несие 6 % жылдық сыйақы мөлшерімен беріледі. Сондай-ақ, тиімді жылдық сыйақы мөлшері 6,7 %-дан аспайды. Несиенің сомасы, жеңілдік мерзімі несие өніміне байланысты әртүрлі болады. Сондай-ақ, Қордың несиелеу шартында аграршылар қызметінің ерекшелігі, оның ішінде ауыл шаруашылығы жұмыстарының маусымы мен циклы ескерілген.
Еске сала кетейік, аграрлық саланы қаржыландыру негізгі міндеттердің бірі болып саналатындықтан, ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша, көктемгі егіс жұмыстарына «ҚазАгро» холдингі арқылы 70 млрд теңге бөлінді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында жоспарланған сомаға қосымша 100 млрд теңге бөлу қарастырылды.