Қазақстандық экономист импорттық азық-түліктен бас тартуға шақырды

Белгілі қазақстандық экономист Олжас Худайбергенов импорттық өнімдерден бас тартқан, басқаларды да осындай шешім қабылдауға  отандық азық-түліктерді тұтынуға шақырды. Беделді экономистің  пікірінше, біз осындай іс әрекетімізбен Қазақстанды дағдарыстан шығаруға өз септігімізді тигізе аламыз.

«Карантин кезінде менде мынандай әдет қалыптасты: қазір дүкенге барғанда әрбір тауарды мұқият қараймын, егер өнім қазақстандық болса, сатып аламын, егер отандық өнім болмаса, сатып алмаймын, тек кейбір жағдайларда ғана болмаса. Бұл жақсы әдетімді Алла бұйыртса, кейін де жалғастырамын», — деп жазды Худайбергенов  өзінің Facebook парақшасында.

Егер сатушылар оған шетелдік өнімді ұсынса, одан бас тартатындығын айтты.

«Бұл барлық нәрсеге қатысты: су, шырын, печенье, сүт, ірімшік, балмұздақ, шемішке, шұжық, алма және т.б.», — деп атап өтті экономист.

Сонымен қатар, ол сатушыларды дистрибьюторлардан қазақстандық өнімді көбірек сатып ала бастағанын атап өтті.

«Егер қазір әрқайсымыз дәл осылай істейтін болсақ, біз дағдарыстан әлдеқайда жылдам шығамыз. Сондықтан да барлық достарымды, менің парақшама жазылған адамдарды осындай іске шақырамын. Сондай-ақ, компания басшылары да тауарды немесе қызмет түрін сатып аларда қазақстандық өнімді таңдауға аса мән беріңіздер», — деп айтты сарапшы.

Сонымен қатар, қазақстандықтар осындай қолдауларын әлеуметтік желіде жариялап, танымал емес өндірушілерге көмектесе алады.

Айта кетейік, бүгінгі брифингте Ұлттық экономика министрлігі Кәсіпкерлікті дамыту департаментінің директоры Шыңғыс Ахметов  мемлекеттік қолдау шараларының өзгеретіндігі туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының мақсаты ішкі нарықты отандық тауарлармен толықтыру  болып табылады. Бағдарлама бағыттары бойынша азық-түлік өндірісін қолдау керек. Дағдарыс жағдайында жеңілдетілген несие беру сомасы 1 трлн теңгеге дейін артады. Бұл қаражаттың 700 млрд теңгесі АӨК-ке және өндіріске жұмсалатын болады.

Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.