Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағасына қойылған шектеу алынды
Қазақстан төтенше жағдай кезінде әлеуметтік маңызы бар тауарларға бағаны реттеуді алып тастады. Бұл туралы ҚР-дың Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Сауда және интеграция министрлігі мен Ауыл шаруашылығы министрлігі және Ұлттық экономика министрлігінің «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына салынған шекті сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығы күшін жойды. Бұйрық төтенше жағдай уақытында енгізілген еді, төтенше жағдай 11 мамырда аяқталды.
«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсуіне жол бермеу үшін оны тұрақтандыратын құралдар қолданылады», — деп хабарлады баспасөз қызметі.
Бұған дейін Мәжіліс депутаттары тұтынушылар құқығын қорғау туралы заңнамаға әлеуметтік тамақ өнімдеріне 15% көп пайда түсіретіндей құнды қабылдаған болатын.