Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Бас дәрігер егіс кезінде жұмыс істеу алгоритмін бекітті
Қазақстанның Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысымен көктемгі егіс жұмыстарын жасайтын ұйымдар мен қызметкерлердің жұмыс алгоритмі бекітілді.
Қабылданған қаулыға сәйкес, ауыл шаруашылығы техникасы мен кәсіпорын қызметкерлері карантин аяқталғанға дейін елді мекенге қайтпай жұмыс істеулері тиіс. Сонымен қатар мәліметтері «Сергек блок-бекет» дерекқорына міндетті түрде енгізілуі керек.
Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының арнайы техникаларын жөндейтін және лизингті, қаржыландыратын, қызмет көрсететін ұйымдар санитарлық талаптарды сақтай отырып, қалаға қайта алады. Сондай-ақ «Сергек блок-бекет» деректер базасына міндетті түрде тіркеліп қайта шыға алады».
Сондай-ақ, қызметкерлерді тұратын жерінен жұмысқа қызметтік көлік арқылы жеткізу жүзеге асырылады. Жүргізушінің қолды жуатын тиісті антисептик құралы және қорғау құралдары (арнайы киім, бетперде және қолғап, көз қорғайтын құралдар /маскасы және т. б.), міндетті түрде болуы керек. Әрбір рейстің алдында автокөлік салонын дезинфекциялау жүргізіледі. Қызметкерлердің кіруіне және шығуына арналған автобустардағы/шағын автобустардағы барлық есіктер бір мезгілде ашылуы тиіс. Көлік салонына отыратын орындардың санына сәйкес маска киген жолаушылар кіргізіледі.
Әрбір жұмыс ауысымы басталар алдында жергілікті жерде қызметкерлердің температурасын және респираторлық аурулар симптомдарының бар жоғын тексереді. Ауру белгілері бар қызметкерлерді жақын маңдағы Денсаулық сақтау ұйымына жеткізу қажет.
Бұдан басқа, ұйымдар нұсқауды бақылайтын, жеке қорғану құралдарын уақтылы ауыстыратын, нұсқауды өткізетін және дезқұралдардың қорларын толықтыру мерзімділігі бойынша журнал жүргізетін жауапты адамды бекітуі тиіс.
Ауыл шаруашылығы жұмыстарына қатысатын барлық ұйымдар жұмысқа шығу немесе шықпау себептерін күнделікті анықтайтын мониторинг жүргізуі тиіс.
Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдеріне, өңірлердегі «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасына көктемгі егіс жұмыстарында көрсетілген жұмыс алгоритмінің сақталуын қамтамасыз ету тапсырылды.
Естеріңізге сала кетейік, 11 мамырда Қазақстанда карантиндік режим сақтала отырып, төтенше жағдай алынып тасталды. Атап айтқанда, өңірлер арасында блок-бекеттер жұмысын жалғастыруда.
Айта кетсек, сәуір айында фермерлерге блок-бекеттерден өту талаптары жеңілдетілген болатын