Біздің парақшамыздан Қазақстандағы агробизнестің соңғы жаңалықтарын бірінші болып біліп отырыңыз Facebook, арнада Telegram, бізге жазылыңыз Instagram немесе біздің пошталық жіберу.
Фермерлерге блок-бекеттерден өту тәртібі жеңілдетілді
Қазақстанның қатаң карантин талабы енгізілген республикалық маңызы бар үш қаласынан басқа жерлерде фермерлерге блок-бекеттерден өту үшін электронды рұқсат қажет емес. Бұл ақпаратты Қазақстан фермерлер одағы хабарлады.
Қозғалыс режимін жеңілдету туралы шешім ІІМ, Денсаулық сақтау министрлігі, фермерлер одағы және облыстар мен Республикалық маңызы бар қалалар әкімдіктерінің өкілдерінің қатысуымен АШМ-де өткен бірлескен кеңестің қорытындысы бойынша қабылданды.
«Кездесу барысында келесідей шешім қабылданды: Блок-бекет арқылы өту үшін фермерлер және/немесе оның қызметкерлері өзімен бірге тіркеу туралы куәлігі (фермер екенін растау үшін), жұмыс орнынан анықтама және жеке куәлігі болуы тиіс», — деп нақтылады ҚФО.
Айта кету керек, бұл шешім қабылданғанға дейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге блок-бекеттерден өту үшін qoldau.kz сандық платформасынан арнайы рұқсат алу керек еді. Оны алу қосымша шығынд болатын, сондай-ақ үлкен техникалық қиындықтар келтірді. Өйткені, Қазақстанның барлық ауылдары сапалы және тұрақты интернетпен қамтылмаған, нәтижесінде кейбір фермерлер мүлдем сыртқа шыға алмай қалған болатын.